«Қарулардың көлеңкесінде бейбітшілік орнамайды»

Президенттік сарайда ауыл басшыларына үн қатқан Ердоған шешім үдерісі жайлы сөз қозғады.

277822
«Қарулардың көлеңкесінде бейбітшілік орнамайды»

«Қаруларды тастамай шешімге үлес қоса алмайсыз» деген Ердоған «2005 жылы Диярбакыр қаласында бауырыма былай деген едім: Күрд мәселесі менің мәселем. Сол күндері мойындамаушы саясатқа бет бұрмадық. Мойындамаушы саясаттың жойылуымен бірге яғни мемлекеттің мәселелерді мойындап шешім үдерісі басталғанымен күрд мәселесі ұғымы да күшін жоғалтты. Күрд мәселесі жоқ деген кезде айтқаным осы. Түркияда енді күрд мәселесі жоқ, күрд бауырларымыздың мәселелері бар»деді.
Шешім үдерісін өзінің бастағанын еске салған президент Ердоған сөздерін «Жалғыз қалсақ да, осы кезеңді табысқа жеткіземіз» деп жалғастырды.
Президент кейін Анкарада ұйымдастырылған Қызылай мекемесінің кезектен тыс Жалпы кеңес жиналысына қатысты.
«Әр мекеменің кеш қалуы мүмкін, бірақ Қызылай кеш қала алмайды» деген президент «Қызылайдың символы ретінде қызыл түсті жарты ай бұл байрақ желбіреген әр жерге созылған жәрдем қолының, үміттің атауы» деді.
Ирактан, Сириядан соңғы жылдары келген босқындарды Қызылайдың қарсы алғанын еске салған президент мекеменің 10 жыл бұрын алдында 45 миллион доллар деңгейінде болған гуманитарлық жәрдем мөлшерінің бүгін 4,5 миллиард долларға жеткенін атап айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар