Ердоған «Шах Евфрат операциясы» жайлы жазбаша мәлімдеме жасады

Президент Ердоған үкімет пен түрік қарулы күштерін табысты өткен операцияға орай құттықтады.

227655
Ердоған «Шах Евфрат операциясы» жайлы жазбаша мәлімдеме жасады

Президент Ердоған «Өте табысты бір операцияны жүзеге асырған үкімет пен қарулы күштерімізді өзім және ұлтым атынан құттықтаймын» деді.
Ердоған операцияның Сүлейман Шах кесенесінің аймақтағы ішкі соғыс туғызған қауіп және одан қауіпсіз бір аймаққа эвакуациялау мақсатты жүзеге асқанын атап көрсетті.
Президент Ердоған «Шах Евфрат операциясы» арқылы Сүлейман Шах кесенесі мен әскери гарнизондағы барлық аманаттар мен сол жерде қызмет еткен әскерлердің аман есен Түркияға әкелінгенін білдірді.
Президент Ердоған Сүлейман Шахтың мәйітінің түрік әскері тарапынан бақылауға алынған және қазір түрік байрағы желбіреген және Түркияға 200 метр қашықтықтағы Сирияның Эшме аймағына мазарын орнататындарын жариялады.
Президент кезкелген бір қақтығыс болмаған операция кезінде бір әскердің болса кесенеге бара жатқанда шәйіт болғанын атап «шәйітімізге Алланың рақымшылығын тілеп, жанұясы мен туысқандарына көңіл айтамын» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар