Түрік тарихы тұрғысынан маңызды симпозиум

Халықаралық симпозиум Баготада болады.

214531
Түрік тарихы тұрғысынан маңызды симпозиум

Колумбияның астанасы Баготадағы Externado Университетінде ертең түрік тарихы үшін маңызды симпозиум басталады.


Анкара Университетімен бірге ұйымдастырылған симпозиум «1915- Османлы Империясының ең ұзын жылы» деп аталады.


Симпозиумға Мексика, Колумбия, Куба, Венесуэла, Перу, Коста Рика және Чили сынды 12 елден 22 ғалым қатысады.


Симпозиумнің беташарын Анкара Университеті ректоры Проф. Эркан Ибиш пен Externado Университетінің ректоры Хуан Карлос Хенао жасайды. Симпозиумнің мақсаты – І Дүниежүзілік соғыстың Османлы Империясына әсерін көрсету. Осылайша Латын Америка елдеріне 1915 жылдың Османлы Империясы үшін қаншалықты қиын жыл болғаны баяндалады.

 

12 ақпан күніне дейін жалғасатын симпозиумнің ашылу салтанаты мен жабылу рәсімінде Түркия Мәдениет және туризм министрлігі өнерпаздарынан тұратын «Екі сөз» музыкалық ансамблінің концерті қойылады.

 

Симпозиумға байланысты толық мәлімет үшін түртіңіз:
imperiootomano1915.blogspot.com


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар