Давутоғлу Түрік тілі мерекесіне қатысты

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу кеше Македонияның бас қаласы Скопьеде кездесулер жүргізді.

157938
Давутоғлу Түрік тілі мерекесіне қатысты

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу кеше Македонияның бас қаласы Скопьеде кездесулер жүргізді. Давутоғлу екі ел арасындағы қатынастарды жоғары деңгейге жеткізу үшін тығыз кездесулер өткізді.


Премьер-министр Давутоғлу Скопьеде түрік және македон сауда палаталары өкілдерімен таңғы аста бас қосты.


Давутоғлу екі ел арасындағы жақын саяси және мәдени байланыстардың экономикалық салада да сол деңгейге көтеру керектігін айтты. Премьер-министр артынан Македония премьер-министрі Никола Груевскиймен кездесті. Артынан делегация аралық кездесу болды.


Давутоғлу кездесулерден кейін ортақ баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.


Скопьедегі түрік базары мен Мұрат Паша мешітін аралаған премьер-министр кешке президент Георге Иванов тарапынан қабылданды. Өкілетті елшілер конференциясына да қатысқан Давутоғлу осындағы баяндамасында Түркияның энергия трансфері тақырыбында өз аймағында орталыққа айналатынын атап көрсетті.


Давутоғлу «Қалай ғана барлық жолдар Римге шығатын болса, бүкіл энергия да солай Түркияға шығады» деді.


Македонияда 2007 жылдан бері тойланып келе жатқан Түрік тілі мерекесіне де қатысқан премьер-министрі осындағы сөзінде былай деді:


«Абыройлы бір ұлттық осы жердегі өкілдері ретінде, Македония Республикасының тең азаматтары ретінде осы аймақтағы болмысыңызды қорғауды жалғастырыңыздар. Артыңызда мәдениеттер мен діндерге құрмет көрсететін Македония үкіметі мен Түркия мемлекеті және 77 миллион бар екенін ұмытпаңыздар»


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар