2-ші Түркия-Африка Серіктестік саммиті аяқталды

Экваторлық Гвинея Республикасының үй иелігінде өткен 2-ші Түркия-Африка Серіктестік саммиті аяқталды.

201177
2-ші Түркия-Африка Серіктестік саммиті аяқталды

Бұл саммитке Түркия атынан президент Режеп Тайып Ердоған қатысты.
Президент Ердоғанға сапарында вице-премьер Нуман Куртулмуш, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Ұлттық қорғаныс министрі Исмет Йылмаз бен Егіншілік, азық-түлік және мал шаруашылығы министрі Мехди Экер серік болуда.
Экваторлық Гвинея мемлекет басшысымен бас қосқан президент Ердоған екі жақты кездесулер өткізді.
Ердоған саммиттегі баяндамасында Түркияның әр салада Африка елдерінің қасында болатынын білдірді.
Экваторлық Гвинея мемлекет басшысы Теодоро Обианг Нгема Мбасого болса баяндамасында серіктестіктің маңызына тоқталды.
Түркия-Африка Серіктестік саммитінің үшіншісі 2019 жылы Стамбулда өтеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар