Ердоған «Табыстың сыры ақпаратты, ақшаны, адамды басқару»
Президент Ердоған ақпараттық технологиялар саласына назар аударды.
Ердоған «Ақпараттық технология саласында табысты болуға мәжбүрміз» деді.
Мобильдік коммуникация фирмасының құрылу жылдығы рәсімінде сөз алған Ердоған Түркияның 2023 жылы нысаналарының ең маңызды тақырыптары арасында ақпараттық технология саласында тұтынушы емес, өндіруші ел болу арманы бар екенін айтты.
Түркияның физикалық өндіріс және қызмет саласында өзін көрсеткенін атап айтқан президент «Бұдан кейін құны ең жоғары, ең биік салалар болған ақпарат пен технология өндірісіне назар аударуға мәжбүрміз» деді.
Ердоған қорғаныс өнеркәсібіне қоса ең көп назар аударған салалардың бірі ретінде ақпараттық саланы атап көрсетті.
Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Лүтфи Элван болса Түркияның Еуропа ең көп әңгіме қылған және ең көп байланыс жүргізген елі екенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған: "Сирияда аяқталмаған жұмысымызды міндетті түрде аяқтаймыз"
Президент Ердоған бас қала Анкарада әскерлермен ауызашар бағдарламасында бас қосты.