Ұлттық Қауіпсіздік жиналысы өтті

Жиналыста елдің қауіпсіздігіне байланысты тақырыптар мен террормен күрес қолға алынды.

175576
Ұлттық Қауіпсіздік жиналысы өтті

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің қазан айындағы жиналысы Чанкая сарайында ұйымдастырылды.


Президент Режеп Таип Ердоған тұңғыш рет төраға болған кеңес жиналысы ң ұзақ жалғасқан жиналыс болды.
Жиналысқа жаңа міндетке келген Премьер-министр Ахмет Дауытоғлұ, Премьер-министрдің орынбасары Нуман Куртулмуш пен Ялчын Акдоған, Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлұ және Жандармерия Бас қолбасшысы генерал Абдуллах Атайлар тұңғыш рет қатысты.
Жиналыстан кейін жарияланған жазбаша мәлімдемеде ұлттық амандығымызға қауіп төндірген және мемлекеттік тәртіпті бұзған заңды көрініп, заңсыз жұмыстар жүргізген қосалқы ел ұйымдары және заңсыз басқа да ұйымдармен күрестің табандылықпен жалғасатыны білдірілді.
Жиналыста террорды жою үшін жүргізілген Шешім процесі тақырыбындағы батыл шешім де нақтыланды.
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналысында Сирияда төртінші жылға өткен қақтығыстардың Түркияның және аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына жасаған ықпалы қолға алынды.
Жиналыстағы өзге бір тақырып та Ирак Дамаск Ислам мемлекеті және басқа да террор ұйымдарымен күрес болды.
Аталмыш тақырыпта Түркияның ұйымдастырылған коалициядағы орны талқыланды.
Жиналыстағы басты тақырыптары арасында Эгей мен Шығыс Жерорта теңізіндегі оқиғалар, Израиль мен Палестина арасындағы дағдарыстар, Ауғанстан, Ливия, Йемен, Украина және Тунистегі саяси жағдайлар орын алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар