Грекияның Түрік іздеу құтқару аймағын таптауына рұқсат етілмеді

Түрік Теңіз қауіпсіздік күштері қолбасшылығы АҚШ жалаулы жүк кемесін құтқарды.

163674
Грекияның Түрік іздеу құтқару аймағын таптауына рұқсат етілмеді

Бас Штаб Басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Анталияның Каш ауданы су айдынында Түрік іздеу құтқару аймағы шекарасында бұзылған соң тоқтап қалған АҚШ жалаулы жүк кемесі жәрдем сұрады.

Грекия жәрдем шақыруының артынан өз қызмет алаңы болмағанына қарамастан іздеу құтқару жұмыстарын жүргізу үшін НОТАМ жариялады.
Түрік Теңіз қауіпсіздік күштері қолбасшылығы аймаққа дәл кезінде TCSG Іздеу құтқару кемесін жолдап, жүк кемесін құтқарды және Анталия Финике су айдынына дейін жүзуін қамтамасыз етті.
Түрік Теңіз Қауіпсіздік қолбасшылығы Грекияның НОТАМ шақыруына да наразылық көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар