Ердоған Қаратеңіз сапарында

Президент Ердоған Трабзонда Азаматтық ұйым өкілдерімен кездесті.

152962
Ердоған Қаратеңіз сапарында

Президент Режеп Таип Ердоған Азаматтық ұйымдар өкілдерімен кездесті.
Президент Режеп Таип Ердоған Қаратеңіз сапарының алғашқы аялдамасы Трабзонда Азаматтық ұйымдардың өкілдерімен кеше кеште бас қосты.


Президент Режеп Таип Ердоған аймақтағы дамуларға орай Түркияны құрлық әрекетіне зорлағандарға меңзеп «Егер осы жерде ортақ әрекет жасайтын болсақ, НАТО мүшесі бір Түркия болсақ, басылуға тиісті қадамдар бар, осы қадамдар басылсын. Ұшуға тыйым салынған аймақ жарияланады, одан кейін сенімді аралық аймақ белгіленеді, оқыт-тәрбиеле талабымызды қабылдайсыз, осы кезде мемлекеттік террорлық жасап отырған Сирия режимін де нысанаға аласыз» деп көрсетті.
Түркияның террор ұйымдары алдында әрқашан ережелі бір тұғыр ұстанғанын білдірген Ердоған кейбір елдер найзаның ұшы өздеріне тірелгенде, діни бауырластары мен мұнай құдықтарына соқтыққанға дейін мәселелерге, террор ұйымдарына елеусіз қараған кезде Түркия мәселені гуманитарлық тұрғыдан шешуге талпынғанын айтты.
Ирак Дамаск Ислам мемлекеті террорына тоқталған Ердоған Түркияның қару жәрдемін бергені пайымдауларын орынсыз деп бағалады. Ердоған «Ешкім Түркияның Ирак Дамаск Ислам мемлекеті террорына қару бергенін және жәрдемдескенін дәлелдей алмайды» деді.
Президент Ердоған Трабзоннан кейін Ризеге қарасты Кендірлі қалашығына барды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар