Чавушоғлу ‘Иракта қауіпсіздік конференциясына’ қатысты

Чавушоғлу Сирия режимі кетпейінше Иракта жағдайдың тұрақтанбайтынын айтты

Чавушоғлу ‘Иракта қауіпсіздік конференциясына’ қатысты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Парижде ұйымдастырылған ‘Иракта бейбітшілік пен қауіпсіздік конференциясына’ қатысты.
Чавушоғлу жеке твидтер парақшасында жасаған мәлімдемеде «Аймақтағы қауіпсіздік мәселелері тек қана осы мәселелерге ұйытқы болған негізгі себептер жойылған жағдайда шешімін таба алады» деді.
Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Ирак үкіметінің барлық Ирак халқын құшақтайтын бір ұстаным ортаға қойған жағдайда, елдің және аймақтың тұрақтылығы үшін маңызды екенін білдірді.
Иракта жаңа үкіметтің құрылуына ризашылық білдірген Чавушоғлу Ішкі істер мен Қорғаныс министрлерінің де уақыт өткізбей тағайындалуына мән бергендерін атап айтты.
Ирактың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін Сириядан бөлек ойлауға болмайтынын атап көрсеткен Чавушоғлу «Сирияда қолын қанға былғаған режим билікте тұрған сайын, Ирак пен аймақта тұрақтылықты орнату мүмкін емес» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар