Чавушоғлу Таяу Шығыс сапарында

Іссапардың келесі аялдамасы - Катар

120567
Чавушоғлу Таяу Шығыс сапарында

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Таяу Шығыс сапарында алдымен Иорданияда болды. Министрді Король ІІ Абдуллах қабылдады. Кездесу баспасөзге жабық түрде өтті.


Кездесуде түрік министр Түркияның қатынастардың жоғары деңгейге келтірілуі және екі елдің ұқсас қиыншылықтарын шешуде Иорданиямен бірдей көзқараста екенін айтты.


Король Абдуллах болса Палестина мәселесіне салмақ салды. Абдуллах келіссөз үдерісіне қайта оралып, екі мемлекетті шешім негізінде 1967 жылғы шекараларды қамтитын тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуы керектігін айтты.


Чавушоғлу Иордания сыртқы істер министрі Насыр Джудехпен де жүздесті.


Екі министр ортақ баспасөз мәслихатын өткізіп, мәселелерге тоқталды. Түрік министр әрі Палестина және Таяу Шығыста екі мемлекетті бір келісім және Палестинаның құқықтары тақырыбында, әрі Ирак, Сирия сынды аймақтағы проблемалар тақырыбында Түркия мен Иорданияның бірдей пікірде екенін атап көрсетті.


Чавушоғлу екі ел арасындағы өзара сапардың көбейіп, білім, сауда және туризм саласында ықпалдастықтың артатынын меңзеді.


Джудех те түрік министрдің сапарына орай алғыс білдірді. Түркия мен Иорданияның Сириядағы дағдарыс, босқындар және Ирактағы оқиғалар сынды ортақ проблемалары бар екенін айтты.


Мевлүт Чавушоғлу Иорданиядағы іссапарынан кейін Бахрейнге барды. Манамада Король Хамад бин Иса әл Ханифе тарапынан қабылданған Чавушоғлу Бахрейн Сыртқы істер министрі Шейх Халид бин Ахмед бин Мұхаммед әл Хадифемен де кездесті.


Сапардың келесі аялдамасы болса Катар.


Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясында болатын «Таяу Шығыста қауіп пен рисктер» атты жиналысқа да қатысады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар