Стамбул 130 елді артта қалдырды

Қала 14 миллион 160 мың 467 тұрғынымен алпауыт қалаға айналды.

93860
Стамбул 130 елді артта қалдырды

Түркия Статистика мекемесінің деректеріне қарағанда 76,6 миллиондық Түркияның 18,4 пайызын Стамбул тұрғындары қалыптастырады. Басқаша айтқанда, елдегі әрбір 100 адамның 18,4-і Стамбулда тұрады.


Стамбул соңғы бес жылда тұрғындарына 1 миллион 245 мың 309 адамды қосты. Осылайша Куба, Бельгия, Грекия, Венгрия, Тунис, Португалия, Чех Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Швеция, Белоруссия, Швейцария, Аустрия сынды 130 елді артта тастады.


Республиканың 100 жылдығында 16,5 миллион болады


Статистика мекемесінің есептеуі бойынша Стамбул тұрғын саны 2015 жылы 14,6 миллион, 2020 жылы 15,8 миллион, 2023 жылы болса 16,5 миллион адамнан асады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар