Президенттік сайлаудың күнтізбесі анықталды
Сайлау үшін насихаттау кезеңі екі күннен кейін басталады
Президент үміткерліктеріне наразылықтар жайлы Жоғары сайлау комитеті тарапынан бүгін шешім қабылдануының артынан нақты үміткер тізімінің 11 шілде жұма күні ресми газетте жарияланып, насихаттау кезеңі басталады.
Тұңғыш рет халық тарапынан сайланатын президент сайлауы үшін премьер-министр Режеп Таип Ердоған, Экмеледдин Ихсаноғлу және Салахаттин Демирташ орын алған уақытша кандидаттар тізімі 8 шілде күні ресми газетте жарияланған болатын.
Кандидаттар тізімімен байланысты наразылық кезеңі де басталды.
Жоғары сайлау комитетінің уақытша үміткер тізіміне жасалған наразылықтар жайлы бүгін шешім қабылдануы күтіледі.
Кандидаттардың фотосуреттері де орын алатын дауыс беру құжаттарында кандидаттардың орны 14 шілде күні Жоғары сайлау комитетінде жеребе арқылы анықталады.