Премьер-министр Ердоған Лионда түрік текті азаматтарға үн қатты

Еуропалық демократтар партиясының 10 жылдығы тойланды

102798
Премьер-министр Ердоған Лионда түрік текті азаматтарға үн қатты

Премьер-министр Режеп Таип Ердоған кеше Францияның Лион қаласында Еуропалық демократтар партиясының 10 жылдығы іс-шаралары аясында түрік текті азаматтарға үн қатты.
Залға кірген кезде ұрандармен қарсы алынған премьер-министр шешім кезеңі жайлы баяндады.
Премьер-министр «Түркияда екінші бір мемлекет құруды қиялдағандар бекер ойламасын. Мұндай арманға ешкім жете алмайды» деді.
Ердоған Түркияда төңкерісшіл кезеңнің жойылғанын атап, 12 қыркүйек төңкерісін жүзеге асырғандардың кеште болса сотталғанын және жауапкерлердің жазаланғанын атап көрсетті.
Премьер-министр Ердоған Түркияның Еуропа Одағы мүшелігімен байланысты Еуроодақ мемлекеттеріне үн қатты және «Ешкім Түркиядан қорықпасын. Еуроодақ Түркияға мұқтаж. Еуроодақтың нәсілшілдікпен, бөлшектенушілікпен, антисемитизм және Исламофобиямен күрес үшін Түркияға мұқтаж» деді.
Францияда өмір сүрген түрік азаматтарына екі ел азаматтығын алуды ұсынған премьер-министр Түркияда өтетін президент сайлауы үшін Францияда өмір сүрген азаматтардың дауыс беруін сұрады.
Премьер-министр Лиондағы байланыстарының артынан кеше елге оралды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар