Түрік әуежолдары Бордоға ұшты

Ұшақты әуежайда Ален Жюппе қарсы алды.

93302
Түрік әуежолдары Бордоға ұшты

Түрік әуежолдары Францияда алтыншы пункты Бордоға алғашқы рейсін игерді.
106 елге ұшатын Түрік әуежолдары Францияда Париж, Лион, Ницца, Тулуза және Марсель қалаларынан кейін Бордо рейстерімен осы елде алтыншы қалаға ұша бастады. Кеше Стамбулдағы Ататүрік әуежайынан ұшқан бірінші рейспен Түрік әуежолдарының ұшағы Бордо әуежайына барып қонды. Ұшақты қаланың муниципалитет төрағасы Ален Жюппе қарсы алды.
Жюппе мен Түрік әуежолдарының Оңтүстік Еуропаға жауапты төраға орынбасары Керем Сарп рейстің лентасын кесті.
Түрік журналистердің сұрақтарына жауап берген Бордо қаласы муниципалитеті төрағасы және Францияның бұрынғы премьер-министрі Ален Жюппе екі елдің ғасырлардан бері жақсы қатынаста болып келгеніне назар аударды.
Түрік лауазымды Сарп жылдың аяғына дейін жолаушы санын 60 миллионға жеткізуді межелеп отырғанын білдіріп, «Осы межеге жету үшін тынбай жұмыстанудамыз.» деді.
Түрік әуежолдарының Стамбул-Бордо рейстері дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және сенбі күндері өзара ұшады. Билет 99 евродан басталады.
Францияның үлкендігі жағынан бесінші қаласы болып табылатын Бордо - тарихи портты қала.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар