Түрік әуе күштері екі маңызды халықаралық жаттығуға қатысады

Түркия мен Германияда ертең басталатын жаттығулар назар аударды

Түрік әуе күштері екі маңызды халықаралық жаттығуға қатысады

2014 жылдың екінші Анадолы бүркіті жаттығуы (Анадолы карталы) Кония қаласында, «НАТО Tiger Meet» жаттығуы болса Германияда ертең басталады.

Түркияның қонақжайлығымен жүзеге асатын Анатолы бүркіті жаттығуына Ұлыбритания, Испания, Катар, Иордания және НАТО күштері қатысады.
Жаттығу ортақ операцияға бағытталған жаттығу деңгейі мен қабілетін арттыруды, ақпарат пен тәжірибе алмасуды нысанаға алады.
Жаттығуда Түрік әуе күштеріне тиесілі 11 F-4E 2020 Fantom, 40 F-16, бір жанармай ұшағы, әуеден ерте ескерту және бақылау ұшағы HІK, бір CN-235 және бір C-160 ұшағы қатысады.
Германиядағы «NATO Tiger Meet» жаттығуына болса Түркияға қоса 10 мемлекет пен НАТО жасақтары қатысатын болады.
НАТО-ның ортақ операция қабілетін дамытуды мақсат еткен жаттығуда Түркия 5 F-16 ұшағымен орын алады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар