Отандық мылтықтың алғашқы тапсырысы орындалды

Түркияның тұңғыш отандық мылтығы Кырыккале машина және химия өнеркәсібі қару зауытында өндірілді.

65386
Отандық мылтықтың алғашқы тапсырысы орындалды

Отандық мылтықтың алғашқы тапсырысы орындалды.
Түркияның тұңғыш отандық мылтығы Кырыккале машина және химия өнеркәсібі қару зауытында өндірілді.
Замандас жаяу әскер мылтығы жобасы аясында өндірілген 200 даналық алғашқы тапсырыс Құрлық күштері қолбасшылығына табыс етілді.
Мылтықтың техникалық ерекшеліктерін түрік инженерлер жобалап жасап шығарды. Ерекшеліктер Түрік қарулы күштерінің мұқтаждықтарына сай жасалды.
Осы мылтық халықаралық стандарттарға сай жасалды және НАТО тарапынан да қабылданды. Мылтықтың сынағы да 2013 жылдың қараша айында аяқталған болатын. 6 мамыр күнгі Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитетінің жиналысында жаңа мылтықтың MPT-76 деп аталуына шешім қабылданды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар