Экономика министрі Н.Зейбекчи Түрік-Американ кеңесі өкілдерімен

Зейбекчи: «Түркия ТСИӘ конвенциясы ішінде болуы керек»

63602
Экономика министрі Н.Зейбекчи Түрік-Американ кеңесі өкілдерімен


Экономика министрі Нихат Зейбекчи Түрік-Американ бизнес кеңесінің түрік тарапы өкілдерімен кешкі қонақасыда бас қосты. Бұл қонақасыда сөз сөйлеген Зейбекчи Түркияның орта деңгейдегі экономикалар арасында жоғарылағанын еске салды және Түркияның бұдан бұрынғы жалпы экспортын қазір Денизли мен Газиантептің өздері-ақ жасап отырғанын айтты.
Түркия өзі орналасқан жағрапияда АҚШ-қа да, Еуроодаққа да көптеген мүмкіндіктер ұсына білетін мемлекет екеніне назар аударған Нихат Зейбекчи Түркияның АҚШ пен Еуроодақтың аса маңызды әріптесі екенін айтты. Зейбекчинің күн тәртібінде Еркін сауда конвенциясы да бар еді.
Зейбекчи Түркияның АҚШ пен Еуроодақ арасында қол қойылатын Трансатлантикалық сауда мен инвестиция әріптестігі конвенциясында орын алмауының Кеден Одағы конвенциясын жалғастыру үшін кедергі болып отырғанын айтты. «Біз бұл конвенцияда орын алуымыз керек. Я Еуроодақпен бірге осы үдерістің ішінде болуымыз керек, олай болмаған жағдайда АҚШ пен Түркия жаңа еркін сауда келісім шарты жасауы керек» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар