Түркия және әлем тынысы-134

Түркия террор шабуылына душар болды

347097
Түркия және әлем тынысы-134

Түркия Рамазан мерекесінен кейін 20 шілде күні үлкен бір террор шабуылына душар болды. Сирия шекарасындағы Суруч ауданында болған жан кештік шабуыл барысында 31 жас қаза тапса, 100-ге тарта адам да жарақат алды. Шабуылда өлген немесе жараланған жастардың бір жәрдем кампаниясы аясында Кобаниге бара жатқан бір топ екені баршаға аян. Шабуылдың қылмыстылары әлі табылған жоқ. Алайда премьер-министр Давутоғлұ ұйымдастырған баспасөз мәслихатында ДАИШ-тің жасағаны жөнінде дәлелдер бар екенін жариялады. Енді бір жағынан бұқаралық пікір және баспасөз органдары да Суруч шабуылы салдарынан ДАИШ-ті айыптады.
Кейбір бақылаушылар да жастардың әрекеті арқылы шабуылдың Сирияның солтүстігінде жалғасқан ДАИШ соғысының бір жаңғырығы ретінде атыстың Түркияға таралғанын пайымдады. Мысалы, ДАИШ террор ұйымы мөлшермен бір жылдан бері Сирияның солтүстігіндегі күрд, түрікмен және араб шоғырланған аймақтарға шабуыл жасап келген еді. Тіпті бір мезгіл Кобани сынды аймақтарды бақылау астына алған болатын. Осыған байланысты аймақта барған сайын артқан ДАИШ пен күрдтер арасында соғыс болуда. Осы соғыс Түркияның шекара қауіпсіздігіне зиян тигізуде және шекарадағы атыстың ішіне тартуға тырысуда.
Енді сіздерге Мармара Университеті Саясаттану және Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Проф. Рамазан Гөзеннің анализін ұсынамыз.
Суруч оқиғасы Сирия ішкі соғысының түрін өзгертіп, көрші елдерді де ішіне тартуға тырысқаны байқалуда. Сирияның тізгіннен шығуы салдарынан ДАИШ сынды террор ұйымдарын тек әуе операцияларымен ғана жоғалту мүмкін емес. Жергілікті топтар және аймақтық күштер арасында ынтымақтастық жасай отырып әрекет ету керек. Осы аяда түрлі әдістер ойластыруға болады. Алайда бұлардың ішінде ең ықпалдысы ДАИШ-тен зардап шеккен түріктер, күрттер, түрікмендер, араптар және христиандар арасында ынтымақтастық жасау болып табылады. Суруч шабуылынан кейін мұндай шабуылдың қайталанбауы үшін Түркияның АҚШ-пен жалғасқан ынтымақтастығымен қоса Сириядағы қатысты актерлермен де байланысты күшейтуге болады.
Тіпті ашық айтатын болсақ Суруч оқиғасынан кейін Түркия мен Сириядағы ДАИШ-ке қарсы күрдтер арасындағы диалогты күшейту керек. Осы үшін Түркияның 2010 жылынан бері жалғасқан шешім және бейбіт процесін күшейту зәру бір жағдай. Шешім процесі әслінде Түркия ішіндегі ПКК террор ұйымын доғару мақсатымен басталған еді. Бірақ өткен жылы кейбір мәселеге душар болған. Қазір де осы процестің Сириядағы күрд топтарын да қамтитын ДАИШ және басқа террор ұйымдарына қарсы күшейтілуі және кеңейтілуі мүмкін.
Әрі Суруч сынды террор оқиғаларының алдын алуы, әрі ДАИШ-пен күресу мақсатымен шешім процесінің қалыптасуы үшін үш алғы шарт бар.
Біріншісі, Түркия мен Сириядағы күрдтер, ПКК және онымен байланысты ПИД-ті қамтыған әртүрлі террор ұйымының қақпай көруі тақырыбында келісімге баруы керек. ПКК-мен байланысы болған ПИД-тің аймақтағы ықпалы Түркияның ең үлкен уайымы болып табылады. Осы қайым жоғалмаған жағдайда әрі шешім процесі, әрі де Түркияның күрдтер арасындағы ынтымақтастығы мүмкін емес.
Екіншісі, Сириядағы басқа актерлерді де процеске қосқан жөн. Яғни тек күрдтер ғана емес, сонымен қатар ДАИШ-тен қорыққан түрікмендер, араптар және басқа да жергілікті топтар да ынтымақтастық ішінде болғаны абзал. Осы аяда ПКК және ПИД ұйымдарының Сирия ішіндегі әрекеттерін тоқтату қажет. Түркияның ДАИШ террор ұйымымен күрескен кезде, ПКК террор ұйымы немесе қолдаушы ұйымдарымен ынтымақтастық жасау логикалық жағынан дұрыс емес. Бір террор ұйымы ПКК арқылы басқа бір террор ұйымы ДАИШ-ті жоғалту мүмкін бе? Сол себепті осы аймақтағы барлық террорға қарсы халықтар, топтар және ұйымдар кім болса болсын ынтымақтастық жасай отырып, ортақ қауіп ДАИШ террор ұйымымен белсенді түрде күрес жүргізуіміз керек.
Үшінші, әсіресе ДАИШ террор ұйымымен күресте жалпы Сирия мәселесін шешу үшін халықаралық актерлермен бірге болғанымыз жөн. Осы түйінде ең маңызды мәселе Обама әкімшілігінің 2014 жылы басталған ДАИШ-пен күресу стратегиясы. Түркия басынан бастап осы стратегияны қолдаған. Әсіресе АҚШ-пен келісім жасау арқылы ДАИШ-ке қарсы әскери және ақпарат операцияларын тездеткен болатын. Енді бір жағынан АҚШ-тың ДАИШ-ке қарсы күресуде Сириядағы күрдтерге қолдау көрсеткенін де назарға алсақ, АҚШ-Түркия-Күрдтер ынтымақтастығы тіпті түсінікті болады. Әрине, процеске қолдау көрсеткен басқа елдердің қолдауына көз жұмбаймыз.
Қорыта айтқанда Суруч шабуылы үлкен бір оқиға болып табылады. ДАИШ террор ұйымының Түркияға да таралу қаупі төнген. Осы қауіп пен қатердің алдын алу жолдарының ең маңыздысы жергілікті халықтар , аймақтық күштер және жаһандық күштер арасында ынтымақтастықтың күшейтілуі. Бұның жолы Түркияның жүргізген шешім процесінің ДАИШ террор ұйымымен күресу арқылы күшейтілуі керек.
Сіздерге Мармара Университеті Саясаттану және Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Проф. Рамазан Гөзеннің анализін ұсындық.



Ұқсас жаңалықтар