Түркия және әлем тынысы-125

Орташығыс ұғымының пайда болуы.

284843
Түркия және әлем тынысы-125

Орташығыс ұғымы 19-шы ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың басында ағылшын және француз империализмі арқылы пайда болды. Орташығыс түсінігі тұңғыш рет 1902 жылы ағылшын құжаттарында қолданылған, онның түп нұсқасында Ұлыбританияның көзқарастары жатыр. Еуропа империализмнің ықпалында құрылған Орташығыс Салқын соғыс кезеңінде АҚШ пен Кеңестер Одағы арасындағы бәсекелестік бойынша қалыптасады. Орташығыс жаһандық жүйе аясында және ықпалында жалғасады. Салқын соғыстан кейін аймаққа Батыстық күштермен бірге Қытай сынды шығыс күштерінің де кіре бастағанын байқаймыз. Қытай әсіресе экономикалық және Біріккен Ұлттар Ұйымы ішіндегі саяси күші салдарынан аймақта болғанын сездіруде.
Орташығысқа тек аймақ тысындағы елдердің ықпалы тұрғысынан қарау жеткілікті болмайды. Барлық мәселенің қайнар көзін шетелден іздеу қате болады. Әслінде барлық шетелдік килігуінің табысты болуы Орташығыс жүйесінің және мемлекеттің әлсіздігінен туындауда. Орташығыс 19-шы ғасырда айқын байқалған күш теңсіздігінің жемісі болып табылады. Еуропа мен Батыс елдері 17-18- ғасырда жүзеге асырған заманауи төңкерістері нәтижесі әлемге тараған кезде, Орташығыс және басқа Ислам елдері осы процестің тысында қалған жоқ. Осы процесс Батыстың өрлеуімен бірге Орташығыс және Ислам елдерінің құлдырауымен байланысты. Сондықтан Орташығыс мәселесінің қайнар көзінде аймақтық актерлердің және себептердің рөлін есепке алғанымыз жөн.
Мысалы, Орташығыс аймағы Исламның 7-ші ғасырда жарыққа шығуынан 19-шы ғасырға дейін тек аймақтық күштер тарапынан ретке салынады. Ретімен Емевилер, Аббасилер, Селжуклу, Османлы сынды императорлар мен кедейлер 14 ғасыр бойынша Орташығысты әрі бірлестірді, әрі сыртқы шабуылдан қорғады. Енді бір жағынан Сафавилер мен Бабурлар, Үнді және Оңтүстік Азия аймақтарында басты рөл ойнады. Осы үлкен императорлар сол дәуірдің ең ілгері, заманауи көзқарастарына ие болды. Олар мықты саясаттар жүргізіп, үлкен Ислам өркениетін қалыптастырады. 14 ғасыр бойынша шетел шабуылдарына тойтарыс береді.
Олай болатын болса, мына сұрақты ортаға қоюға тура келеді: Орташығысты өте жақсы басқарған аймақ императорлары 19-шы және 20-шы ғасырда ықпалын неге жояды?
Мармара Университеті Саясаттану және Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Проф. Рамазан Гөзеннің анализін ұсынамыз.

Осы сұрақтар өткен тарихта да талай рет сұралған және көптеген адамдар тарапынан жауап берілген. Орташығыс және Ислам әлемінің мәселелерін шешу мақсатымен сансыз жоба жасалып, сондай-ақ осы аяда мыңдаған кітап жарияланады.
Барлық жобаларға көз жібергенімізде негізінен 3 көзқарас жарыққа шығады. Кейбіреулер бұрынғы императорлық дәуіріндегі үлгі мен көзқарастарды әкелуді ұсынса, кейбіреулері өткенді қабылдамайды және тіпті заманауи нәрселерді ұсынады. Ал қалғандары болса өткен тарихтағы және осы дәуірдегіден өзгеше көзқарастарды ортаға қояды. Бұның барлығы қалыпты жағдай. Бүгін Орташығыс мәселенің негізінде өзгеше және көпшіл тұғырлардың саяси бәсекелес жағдайға айналуын байқаймыз. Қабылданған көпшіл көзқарастар мен үлгілер Орташыығс пен Ислам әлемінде өкінішке орай қақтығыстың қайнарына айналуда. Ашық айтатын болсақ, кейбіреулер дін немесе мәзхабты, кейбіреулер саясат немесе идеологияны, кейбіреулер де экономика мен энергияны үлгі етеді. Бұлар Түркия үлгісі, Иран үлгісі, Сауд Арабиясы үлгісі сынды атпен аталуда.
Ең басты мәселе-Орташығыстың негізгі мәселесін, сондай-ақ барлық аймақты қамтыған, аймақ көлемінде ықпалды бір үлгі немесе керемет ой-пікірдің болмауы. Аймақтың мәдениеті мен сенімінің ислам болуына қарамастан осындай бір нәтиженің болуы адамды таң қалдырады.
Барлық аймақты және мұсылмандарды бір шаңырақ астына жинайтын бір үлгі жоқ. Мысалы, барлық Еуропа аймағының басын қосқан «Еуропа Одағы» сынды бір үлгі Орташығыста жоқ. Талай ғасырдан бері бір-бірімен соғысқан Еуропалықтарды бірлестірген және көптеген мәселені шешкен Еуропа Одағы сынды бір үлгі Ортағыста жүзеге асыра ала ма?
Осы сұрақтың жауабы осы таңғы шарттарда оңай берілмейді. Сондықтан бұл жерде бір жауап табуға тырысу да мүмкін емес. Бұның орнына жаңа бір аймақтық бір үлгі үшін негізгі сұрақтарды ортаға қою тіпті пайдалы болады. Қайсы үлгі болса болсын, Орташығыс мәселесіне шешім табатын әрбір талпыныс сөзсіз түрде төменгі жағдайды еске алған абзал.
1, Аймақтың діни, саяси және экономикалық мәселелері қалай шешіледі?
2, Аймақтың күшті елдері мен аймақ тысындағы күшті елдер арасындағы қарым-қатынастар қандай бағытта болады?
3,Аймақ тысы актерлердің аймақтық империализміне және мүдделеріне қалай мәміле жасалуы керек?
4,Аймақ елдеріндегі халықтар ел әкімшіліктерін демократиялық және мәдени әдістермен бақылау астына ала ала ма?
5,Аймақтың жүйелік мәселелері қандай әдіспен шешіледі?
Орташығыс мәселесін шешу үшін көптеген мәселені бөлек-бөлек емес, кемелді бір үлгі ішінде бір тұтас шешкенде ғана болады.




Ұқсас жаңалықтар