Түркияның Сириядағы шағын операциясы

Проф. Рамазан Гөзеннің анализі

240640
Түркияның Сириядағы шағын операциясы

22 ақпан күні Түркия Сирияның солтүстігінде ел шекарасына 37 км қашықтығындағы өз территориясы Сүлейман Шах қабірі мен «Сайгы» бекетіне операция ұйымдастырды. Бір әскердің аварияда қаза табуынан басқа ешбір қақтығыс пен тойтарыс болмаған операцияда кесенедегі қабір мен 38 түрік әскері Сирия Ешмесі деген жерге көшірілді. Шах Фырат деп аталған операция әлемнің назарын аударып, халықаралық баспасөзде кең орын алды. Жалпы операцияға болымды пікірлер айтылды. Осы операция 1921 жылғы келісім мен халықаралық құқық аясында, Сирия үкіметіне алдын ала нота жіберіліп барып жүзеге асырылды.
Осыған қарамастан Сириядан және оны қолдайтын Ираннан қатал наразылық келгені таңғалдырарлық емес. Себебі Түркияның Асад әкімшілігі мен оны қолдайтын Иранға қарсы ұстанымы белгілі. Бұдан басқа әрі АҚШ, әрі Ресейден және әрі БҰҰ сынды халықаралық ұйымдардан наразылық келмеді. Бұл жағдай әскери операцияның халықаралық құқыққа сай екенін көрсетеді. Енді Түркия неге осы кезде осындай операция ұйымдастырды? Осы операцияның әсерлері қандай болады? деген сұрақтар мазалайды.
Мармара Университеті Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасы оқытушысы Проф. Рамазан Гөзеннің тақырыпқа байланысты анализін ұсынамыз.
**
Алдымен Шах Фырат операциясының жасалуының тосын еместігін айту керек. Түркия Сирияда асқынып отырған азаматтық соғыстың ортасында қалған кесене және сондағы әскерлердің қауіпсіздігіне алаңдайтын еді. Аймақта ықпалды болған ИГИЛ содырларына орай кесенедегі әскерлердің жүйелі ауысуы және логистикалық мұқтаждықтар тақырыптарында әрдайым проблема болып келді. Сондықтан шамамен бір жылдан бері кесенеге операция жасалуы күн тәртіпте болатын. Бұл тақырып министрлер кабинеті жиналысында да талқыланып келді. Түркия я 1) осындағы болмысын қорғау үшін аймақта әскери шеңбер құрып, әрдайым қорғаныста болатын еді, немесе 2) аймақтағы топтармен ынтымақтасатын немесе 3) осы істегенінде кесене мен әскерлерін сенімді аймаққа көшіру керек болатын. Түркия осы баламалардың арасынан ең қансыз және қауіпсізін таңдады.
Түркия егер бірінші таңдауды таңдап, кесене мен әскерлерін қорғау үшін аймаққа тұрақты әскер жолдаған болса, азаматтық соғыстың бір тарабына айналар еді. Сонымен бірге екінші таңдауды да таңдамау арқылы Түркияның ИГИЛ және басқа да лаңкестік топтармен қатынасы жоқтығын көрсетті. Түркия таңдаған үшінші таңдау ең бейбіт, сенімді, шыншыл және түбегейлі стратегия болды. Түркия осылайша Сирия азаматтық соғысына қосылғысы келмейтінін және соғыстың бір бөлшегіне айналмау табандылығын көрсетті.
Уақытын алып қарайтын болсақ, операцияның негізгі мақсаты қабір мен әскерлерге, сондықтан Түркияға жасалуы мүмкін бір шабуыл ықтималының алдын алу. Осы тақырыпта төрт сценарий болуы мүмкін еді. Біріншісі Түркияның АҚШ-пен 19 ақпан күні қол қойылған келісімі ИГИЛ-дің шабуылдау ықтималын арттырды. Түркия осы келісім арқылы Сирия мәселесінде АҚШ-пен координацияда екенін, ИГИЛ-ке қарсы күресуді қалайтынын жариялаған болды. Бұл саясат ИГИЛ лаңкестік ұйымының наразылығын тартып, Түркияға қарсы шабуыл ықтималын арттырды. Түркия осы ықтималды кемінде Сирия ішінде жойды.
Екіншісі Халеб пен солтүстігіндегі соғыста теңдіктер өзгеруде. ИГИЛ, оппозиция және Сирия армиясы арасында қақтығыстар артып отыр. Бұл жағдай жеткілікті түрде қорғанысы жоқ кесене мен әскерлердің қауіпсіздігіне қатер төндірді.
Үшіншісі түрік әскерлерінің мысалы иорданиялық ұшқыштың тірілей өртелуі сынды бір шабуылмен бетпе-бет қалуы үлкен қасірет болушы еді. Әсіресе Түркияның алдында жалпы халықтық сайлау тұрған кезде жасалатын осындай шабуылды көтеру мүмкін емес. Түркия осындай қайғылы оқиға болмау үшін Мосулдағы консулдық қызметкерлерін құтқарғаны секілді азаматтарының қауіпсіздігін сақтауды таңдады.
Төртінші өткен төрт жылдың ішінде Сирия азаматтық соғысы батпаққа айналды. Түркия, АҚШ және басқа да коалиция күштерінің Сирия жоспарларындағы мақсат орындалмады. Осындай жағдай алдында бүкіл стратегия мен саясаттардың жаңалануы уақыты келді. Шах Фырат операциясы Түркияның Сирия соғысына деген көзқарасында өзгеріс болатынына ишарат болуы мүмкін. «Жаттықтыр-жабдықта» келісімі аясында ойлап қарасақ, Түркияның Обама әкімшілігі және басқа да актерлер секілді алдымен ИГИЛ қаупіне қарсы күреске көңіл бөлетіні көрінеді. Түркия әрине Асад әкімшілігінің өзгеруі мақсатынан бас тартқан емес және осындай ықтимал да жоқ. Алайда бұл мақсатты орындау үшін де халықаралық қоғамның ынтымақтастығы керек болғандықтан қатысты актерлер арасындағы координация нығайтылуы қажет.
Түркия ИГИЛ-ге қарсы тек АҚШ және басқа елдермен ғана емес, Ирак және Сириядағы ИГИЛ-ге қарсы топтармен де ынтымақтастықта. Мысалы Түркия осы мақсатпен Ирактағы пешмерга күштерін әскери дайындықтан өткізеді. Бір жағынан Кобанидің лаңкестік ұйымның қолынан құтқарылуына Түркияның қолдауы бастапқы кезде шектеулі болса да артынан нығайды. Мұның Түркияның Сирия саясаты секілді Шешім үдерісі тұрғысынан да болымды болатынын айтып өту керек.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар