Түркия және әлем тынысы-112

Минскте өткізілген жиналыста атысты тоқтату келісімі жасалды.

225379
Түркия және әлем тынысы-112

Украина қақтығыстарын шешу мақсатымен Минскте өткізілген жиналыста атысты тоқтату келісімі жасалды. Германия премьер-министрі Ангела Меркель мен Франция президенті Франсуа Олландтың дәнекерлігінде Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Петр Порошенко үстелге отырып, 13 баптық бейбітшілік мәтін жөнінде келісті. Келісім бойынша қақтығыс болған Луганск пен Донецк аймағында 15 ақпаннан бастап соғыс тоқтатылады. Ауыр қарулар қайтарылады. Одан кейін сайлау өтеді, сондай-ақ осының нәтижесінде аталмыш аймақтардың Украина әкімшілігіне интеграциясы мерзімі басталады. Осы процесті Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы бақылайды, рапорт жазады және ұйымдастырады. Осылайша мөлшермен бір жылдан бері жалғасып келген Украина соғысы тоқтатуын, Ресейшіл соғысшылардың қарусыздандырылуын және Ресейдің соғыс аймағынан шегінуін жоспарлауда. Алайда осы бейбітшілік келісімінің қаншама табысты болатыны, табысты болғанның өзінде қаншама әділетті бір келісім болатыны, сондай-ақ ең бастысы Ресейдің процес аяғында қаншама пайда көретіні туралы түрлі көзқарастар бар. Мысалы, кейбіреулер бұл келісімде Ресейдің жеңіске жеткенін және әділетсіз бір нәтиже шыққанын алға тартуда.
Мармара университеті саясаттану және халықаралық байланыстар кафедрасы мұғалімі, профессор Рамазан Гөзеннің осы тақырыпқа байланысты көзқарастарын ұсынамыз.


Әрине, Минск келісімі Украинаны соғыстан бұрынғы қалпына келтірмеумен қатар Ресей басып алған Қырым аймағымен байланысты ешқандай бір реттеу жасалмады. Келісім ойдағыдай орындалғанның өзінде Украинаның егемендігі толыққанды түрде жүзеге аспайды. Киев әкімшілігі Донецк және Луганск аймағында басқа аймақтардағы сияқты билік жүргізе алмайды. Сонымен қатар Қырым және Қаратеңіз жағалауларында ықпалды бола алмайды. Анығырақ айтатын болсақ, Украина соғыстан бұрынғы жағдайымен салыстырғанда бір егемендік жеңілісіне ұшырады. Ресейдің Украина үстіндегі ықпалы тіпті артты. Ресей осы келісім арқылы Еуропа Одағы мүшелері Франция мен Германия үстіндегі әсерін ортаға қойғандай болды. Мысалы, Ресей Минск келісімі арқылы әскери үстемдік саясатын Еуропалықтар мен Батыстықтарға қабылдатты. Осы тұрғыдан алғанда әділетті бір келісім болғанын айтуға ауыз бармайды.

Әрбір оқиғада болған сияқты Украина мәселесіне де басқа тұрғыдан және мүмкіндіктің барынша обьектив қараған абзал. Минск келісіміне «жаманның жақсысы» бір ымыраласу ретінде қарап, олқылықтарды тамамдауға тырысуға болады. Бұл келісімнің маңызы бір жылдан бері жалғасып келе жатқан соғыстың және аймақтық тұрақсыздықтың тоқталуы болып табылады. Бұл соғыс осы таңға дейін Украинаны үлкен шығынға апарып соқты. Егер тоқтамаса онда тіпті үлкен зиян шегуі мүмкін еді. Украина және Ресейшілдер осы соғысты жалғастырған жағдайда, екі тарап та тіпті көп шығынға ұшыраушы еді. 1980-1988 жылдар аралығындағы Иран-Ирак соғысы сынды екі жақтың қан жоса ішінде қалуы ықтимал. Сондықтан соғысты жалғастырудың орнына бір бейбітшілік келісім жасау өте маңызды. Мысал ретінде Түркияның Азаттық соғысында Грекия және артқы жағында Ұлыбритания және Франциямен соғысты жалғастырудың орнына Монтро және Лозанна келісімінің жасалуын айтуға болады.
Украина соғысында Ресейдің әскери күшінің басым болғаны көрілуде. Бірақ Ресейдің неліктен осы келісімге қол қойғанының жапсарын іздестірген жөн. Ресейдің Украинаға шабуыл жасағанда әсіресе Еуропа Одағының Ресей қолдау көрсеткен Януковичті аударып тастаудың, одан кейін Еуропа Одағы, АҚШ және НАТО-ның Ресейге әскери күш қолдаудың рөлі болса керек.

Батыстық елдер Ресейге әскери күш қолданудың орнына қатал шектеме жасады. Еуропа Одағы, АҚШ және Батыстық ұйымдары санкция жасап, Ресейдің экономика, сауда, қаржы және ең бастысы энергия мүдделеріне қауіп төндірді. Соңғы айларда тез қарқында төмендеген мұнай бағалары Ресейге ең үлкен қиыншылық жаратты. Батыстың әскери күштің орнына экономикалық әдіс қолдануы Ресейге ауыр тиді.
Міне, осы себептен Ресей Минск келісімін жасауға мәжбүр болды деп айтуға болады. Осы тұрғыдан алғанда Минск келісімін Ресейдің жеңісі ретінде емес, шектеме шаралар салдарынан амалсыз қабылдаған деп қараған жөн.

Әрбір келісім сияқты Минск келісімі де ең соңғы қорытынды емес. Алдымыздағы күндерде жаңа кезектен тыс жағдайлардың пайда болуы мүмкін. Осы келісімнен ең аяғында жеңіске кімнің қол жеткізгені аңғарылады. Егер Ресей жеңіске жетсе, Украина мен Батыс қиын күндер кешіреді. Алайда егер Ресей келісімді шектеме салдарынан амалсыз қабылдаса, онда Ресейді қиын күндер күтуде. Осы жағдайда Ресей тек Украинада емес, бәлки Сирия мәселесінде де келісім жасауға мәжбүр қалуы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар