Түркия және әлем тынысы – 104

Түркияның Еуропа Одағынан ажырап, Ресеймен одақтас болуы мүмкін бе?

161346
Түркия және әлем тынысы – 104

Соңғы апталарда Түркияның Еуропа Одағы және Ресеймен қарым-қатынастары тұрғысынан қызықты талас-тартыстар мен оқиғалар болып жатыр.

Мұның себебі Түркияның Еуропа Одағы және Ресеймен қарым-қатынастарында назар аударған өзгерістер. Путин Анкара сапарында Оңтүстік Ағым жобасының күшін жойғанын, оның орнына Түркиядан өтетін жаңа бір құбыр желісінің салынатынын жариялады. Осы тосын мәлімдеме Түркия мен Ресей энергия ынтымақтастығының тіпті тереңдей түскенін көрсетеді. Кейбір бақылаушылар Түркия мен Ресей арасында энергия одақтастығының дамып келе жатқанын пайымдады.


Еуропа Одағынан жоғары дәрежелі үш басшы осы оқиғаларға орай Түркияға келді. Еуропа Одағы Сыртқы саясат және қауіпсіздік өкілі Монгерини мен Кеңеюге жауапты комиссарлары Анкарада басшылармен кездесті. Осы кездесулерден ақпаратқа әсер еткен бір сауал өте маңызды. Еуропа Одағы Түркияның Ресеймен одақтас болуынан алаңдай ма? Монгерини осы сауалға жауап бермесе де, күн тәртіптен түспеді. Әсіресе, президент Ердоғанның Еуропа Одағына қаратқан ауыр сыны «Түркияның Еуропа Одағынан ажырап, Ресеймен одақтас бола ма?» деген сауалды күшейтті. Осы сауалдар мен алаңдар әрі Түркияда, әрі шетелде талас-тартыс қозғады. Аталмыш пайымдаулар қаншалықты маңызды және алаң туғыза ма?


Әрі Түркия мен Ресей қарым-қатынастары күшейіп келе жатқаны, әрі Түркия мен Еуроодақ байланыстарында кірбеңдік бар екені шындық. Алайда осы көріністі Түркияның Еуроодақтан алыстағаны, Ресейге жақындығы түрінде көрген дұрыс емес. Керісінше, Түркияның Ресейге неліктен жақындағанын, Еуроодақпен неге кірбең екенін қадағалаған жөн. Түркияның Ресейге жылдам жақындауының екі себебі бар. Біріншісі, Түркия энергия саласында Еуропа елдері сияқты Ресейге тәуелді. Осы тәуелділіктің зақымдалуын қаламайды. Қайта, Ресеймен сауда және экономикалық байланыстарын бекемдеп, мүмкіндіктерін арттыруды күтеді.


Екіншісі, Түркия Сирия мәселесіне шешім табу мақсатымен Ресеймен ортақ әдіс қарастыруда. Түркия Асад әкімшілігінің орнына демократиялық бір әкімшілік құрылуы үшін Ресейдің маңызды роль атқаратынын біледі.Иранның Сирия тақырыбындағы тұғырының да Ресейдің әсерімен өзгеретінін айтуға болады.


Түркияның осы саясатын әсіресе Украина дағдарысына орай кейбір Еуропа елдерінің және АҚШ-тың ұнатпайтыны да айқын. Еуропа мен АҚШ Ресейге қарсы эмбаргоның Түркия тарапынан бұзылуын қаламайды. Алаңның себебі де міне осы. Сол себепті Түркия Еуроодақтан алыстаған жоқ. Бұл екі себепке орай мүмкін де емес.


Біріншісі, Түркия мен Еуропа Одағы арасындағы мәселелер дағдыға айналған. Толық мүшелік келіссөздері 2007 жылдан бері кірбең болса да, жалғасып келеді. Осы барыста өзара сындар айтылды, бұл соңғы кезде арта түсті. Мұның басты себебі Еуроодақтың «Параллель мемлекет» аталған мәселеде журналистерге байланысты шешімдеріне орай Түркияға қатал сын айтылды. Үкімет басшылары журналистердің сот шешімімен тергеу үшін ұсталғанын, сот шешіміне құрмет көрсету керектігін білдірді. Бұдан Ердоғанның Еуроодаққа көрсеткен қатал сыны стратегиялық жоспар емес, әдістеме тұғыры екенін байқауға болады.


Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынастарының үзілмеуіне екінші бір себеп- байланыстардың тамыры терең негізге құрылуы. Ердоған мен Дауытоғлұның Монгеринимен бірге бір аптаның алдында білдіргеніндей, Түркияның Еуроодаққа мүшелігі стратегиялық бір нысана. Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынастарындағы басты көрініс пен жағдай жоғарыдағы көзқараста білдірілген. Түркияның Еуропа Одағына мүшелік нысанасы тек саяси ғана емес, сонымен бірге қалыпты бір жағдай.


Нақтылы саяси тұрғыдан алғанда Түркия экономикалық, саяси, әлеуметтік және жұмыстану жағынан Еуроодақтың ортағы. Түркия сыртқы саудасының 60 пайызын Еуроодақ елдерімен жасайды. Түркияның 4 миллион азаматы Еуропада өмір сүреді. Түркияның қауіпсіздік жүйесі НАТО шаңырағы астында. Көптеген байланыстар Түркия мен Еуроодақты ет пен терідей біте қайнастырған.


Тіпті маңыздысы ережелер тұрғысынан Түркия демократиясы, құқықтың үстемдігі, нарық экономикасы, адам құқы және көпшілдік ережелері Ресеймен емес, Еуроодақпен байланысты. Түркия Османлыдан Республикаға өткен екі жүз жылда осы ережелерді атқару үшін талпынып, табысқа жеткен. Бұлар президент Ердоған соңғы 12 жылда басшылық еткен саяси процесте дами түсті. Аталмыш ережелердің Түркияда жетілуінде Еуроодақтың үлкен есе қосқанын ұмытпаған жөн.


Қорыта айтқанда, Түркияның Ресеймен экономикалық, сауда, энергия және басқа салалардағы ынтымақтастықты дамытуы өте маңызды. Алайда мұның ешқайсысы Түркияның Еуроодақ пен Батыс арасындағы 200 жылдық байланыстардағы терең ынтымақтастық пен ұйымшылдықты жоя алмайды. Түркияның бұл байланыстарды жою ниеті бұрын да болмаған, бүгін де жоқ. Соңғы кездегі қақтығыстар мен кірбеңдіктер тек қана өзара құқай көрсету болып табылады.

 

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар