Түркия және әлем тынысы – 101

Католик шіркеуінің және Ватикан елінің лидері Папа Франциск Түркияға келді.

138928
Түркия және әлем тынысы – 101

Католик шіркеуінің және Ватикан елінің лидері Папа Франциск 28-30 қараша күндері арасында Анкара мен Стамбұлға ресми сапармен келді.

Бұл жолғы сапар әрі дипломатиялық, әрі діни мағынада өтті. Сапардың Анкарадағы бөлігі саясатты негіз етті. Ал Стамбұлда діни тақырып басым болды. Папаның Анкарада Президент Ердоған және Дін Істері Басқармасының төрағасымен кездесулері Түркия мен Ватикан қарым-қатынастарын жетілдіруді мақсат етті. Папа мен Ердоған халықаралық бейбітшілік және Сирия мәселесі сияқты аймақтық дағдарыстар мен гуманитарлық мәселелердің шешіміне бағытталған тілектерін жеткізді.


Аталмыш тілектер мен үміттерге дипломатиялық тұрғыдан басқа мағына жүктеу қиындау. Папа халықаралық және аймақтық мәселелерді шешуге есе қосатын күште емес. Папа Ватиканның лидері мәртебесінде болса да, ұлыс-мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар сияқты әсері жоқ. Папалық пен басқа да діни ұйымдардың халықаралық байланыстардағы ролі мен әсері 400 жылдан бері әлсіреп кетті.

Замандас дәуірде секуляризм немесе зайырлық ережелері себепті діни ұйымдар мен биліктердің орнын күшті саяси актерлер болып табылатын ұлыс-мемлекеттер иелеп алды. Замандас дәуірде діни ұйымдар мен олардың іс-шаралары бастысы мемлекеттер мен еларалық байланыстардың көлеңкесінде қалды.

Ватикан классикалық шекараға ие ұлыс-мемлекет емес, Италия шекарасы ішіндегі бір қала мемлекеті. Ватиканның Орта ғасырдағы сияқты басқа халықаралық актерлерге билігі жүретінін айту қиын. Рим - Ватикан мемлекеті 17-ші ғасырда қол қойылған Вестфаль келісімімен барлық саяси билігінен айырылған. Сонымен бірге Стамбұл Фенер понти православ шіркеуі және Патриарх та Лозанна келісіміне сай Түркия Республикасына қаратылған. Фенер Патриархы діни тұрғыдан шекара тысы байланыстар мен құрметке ие болса да, саяси жақтан ешқандай күші мен билігі жоқ.


Алайда бұл Папалық мен Патриарх сияқты діни ұйымдардың саясаттан күдер үзгені мағынасына келмейді. Папа мен Патриархтың өзіне сенген халықтар мен азаматтарға ықпалы болатыны табиғи. Ватикан мемлекеті тек Католик сектасының ұйымы ғана емес, сонымен бірге бір миллиардтан астам католиктің діни өкілі.


Папаның Стамбұлдағы кездесулері діндер мен секталар арасындағы байланыстарды жетілдіруді негіз етті. Папаның Стамбұлда Ислам мекендеріне зияраты, Сұлтан Ахмет мешітінде дұға қылуы, азан дауысымен бірге Құран Кәрім аяттарын тыңдауы діндер арасындағы байланыстарды бекемдеу тұрғысынан маңызды жәй. Православ шіркеуіндегі ғибадатқа қатысуы, Барфоломеймен кездесуі және Католик-Православ шіркеулері арасындағы хаттамаға қол қоюы христиандардың береке-бірлігі үшін өте маңызды.


Папаның Стамбұлға, әсіресе Түркияға зияратының басты мақсаты Православ шіркеуімен қарым-қатынастарды бекемдеу екенін айтуға болады. Католик-Православ шіркеулері арасындағы байланыстар 1054 жылы екі шіркеудің бірін-бірі теріске шығаруы себепті үзіліп қалған. 1960 жылы қайта басталған қарым-қатынастар Папа мен Барфоломей тарапынан одақтастыққа айналдырылды. Стамбұлда қол қойылған хаттаманың мақсаты - бір миллиард католик әлемі мен 300 миллиондық православ әлемі арасындағы ұйымдық және әлеуметтік байланыстарды күшейту. Осы тұрғыдан алғанда, хаттаманы тек қана діни құжат деп айту олқы болмақ. Ватикан мен Фенердің діни жақтан жақындасуының екі елдің мәртебесіне болымды және болымсыз әсерін тигізгенін айтуға болады.


Біріншіден, Түркияға жасайтын әсері. Патриарх Барфоломей қол қойған хаттаманың Түркияға қатысты болмағаны сияқты, мүддесіне де ықпал жасамауы керек. Дін мен мемлекеттің халықаралық байланыстардағы орны арасында сезімтал бір шекара бар. Егер патриархтың хаттамасы тек қана діни мазмұнға ие болса, билік мәселесі жоқ. Егер келісім Түркияның әрқандай бір мүддесіне қайшы келсе, әсіресе діни еркіндік пайымдауы саяси жаққа беталса, кірбеңдік жаратады. Түркия ынтымақтастық пайымдауларының Түркияның ішкі және сыртқы саясатына жүк болуын қаламайды.


Хаттаманың әзірге кірбеңдік жаратпағаны байқалады. Хаттаманың Папа-Ердоған кездесуінен кейін жасалуы Түркиядан мақұлдау алғанын көрсетеді. Түркия діни еркіндіктер тұрғысынан Патриархтың Папалықпен байланыстарын жетілдіруіне қолдау беруде. Осы қолдау Түркияның Католик пен Православ әлеміндегі абыройын арттыратыны сөзсіз.


Католик пен Православ әлемінің ынтымақтастығы хаттамасының екінші өресі Фенер мен Мәскеу шіркеулері арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Бұл Ресейдің орнына қатысты.
Фенер мен Мәскеу шіркеулері арасындағы басымдылық бәсекесі Балкан, Шығыс Еуропа, Орташығыс және әлемдегі православтарға қатысты мәселе. Стамбұл хаттамасы Фенер шіркеуін ыңғайлы орынға шығаруы мүмкін. Бұл Мәскеу үшін алаң туғызатын жағдай. Аталмыш алаң Мәскеу шіркеуіне байланысты болып қалмай, Путин әкімшілігімен қатыссыз деу де қиын. Бұл Стамбұл-Мәскеу саяси қарым-қатынастарымен де тығыз байланысты.


Түркия мен Ресей қарым-қатынастарында дін әсерлі деп айта алмаймыз. Путиннің Пападан кейін дереу Түркияға зиярат жасауы кездейсоқ болып, негізгі мақсаты діни емес, экономикалық және саяси тақырыптарды негіз етті.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар