Түркия және әлем тынысы - 90

ISIS лаңкестік ұйымымен күрес стратегиясы

132182
Түркия және әлем тынысы - 90

Соңғы күндері бүкіл әлем ISIS (ИШИМ) ұйымын аузынан тастамай отыр.

Осы мәселеден қалай құтылатынын ойластырып отыр. Шығыстан батысқа, Ислам әлемінен батыс әлеміне қоғам осы проблеманы түсінуге тырысуда. НАТО Уэльстегі саммитінде де осы тақырыпты басты мәселе ретінде қарады. Артынан АҚШ президенті Обама ISIS (ИШИМ) ұйымымен күрес үшін 4 сатылы стратегия жариялады. Осы аяда сүнни елдер коалиция қалыптастырылуы мақсатымен Джиддада ауқымды жиналыс өткізді. Осы жиналыста Обаманың стратегиясына қолдау берілді.


Жоспарға қарағанда, АҚШ және коалиция елдерінің әуе күштері әуеден операциялар жүргізіп, ISIS (ИШИМ) ұйымының қаруларын жояды. Сонымен бірге Ирак және Сириядағы құрлық күштерінен де қолдау алынады. Осы үдерісте лаңкестік ұйымына жаңа сарбаздар келіп қосылмауы үшін шекарадағы бақылау арттырылады. Зардап шеккен халыққа экономикалық көмек беріледі. Босқындар мен басқа да топтарға гуманитарлық көмек жеткізіледі.


Қағаз бетінде және ресми түрде жақсы көрінетін осы стратегия алғашқы күннен мәселе шығара бастады. Мысалы коалицияға қатысуы жоспарланған елдерден мазасыздықтар мен наразылықтар келді. Германия әскери операцияға қосылғысы келмейтіндігін білдірді. Түркия Джидда декларациясына қол қоймады. Көптеген сарапшы және аймақты жақсы танитын мамандар Обаманың стратегиясында кемшіліктер бар екенін айтып отыр. Бір агенттіктің сауалнамасына қарағанда американдықтардың 53 пайызы Обама стратегиясының ықпалды болмайтынын айтып отыр. Әсіресе осы стратегияны кім, қалай атқарады? Сол туралы нақты дерек жоқ. Қай елдің әуе және құрлық операциясына қосылатыны, осы операциялардың құнының қанша болатыны, стратегияның табысты болып-болмайтыны талас болуда. ISIS (ИШИМ) ұйымымен күрестің қаншалықты шыншыл, ықпалды және дұрыс екенін талдау керек.


Мармара Университеті Саясат білімі және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Проф. др. Рамазан Гөзеннің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.
**
Обаманың стратегиясында бір мәселе, бір кемшілік бар. Мәселе мынада: ешбір террор ұйымын әскери немесе басқа күш қолдану арқылы жою мүмкін емес. ISIS (ИШИМ) ұйымының сарбаздарын өлтіру үшін жүргізілетін әуе және құрлық операциялары аймақтағы күш қолдануды одан әрі күшейтуі мүмкін. Тіпті азаматтар қарсы реакция ретінде лаңкестік ұйымға көп қосыла бастайды.


Стратегияның олқы жағы болса ISIS (ИШИМ) ұйымының шығу себебіне байланысты анализ және шара қамтымауы. Стратегия проблеманың қайнар көзімен айналысудың орнына, қорытындыларымен айналысуда. Мысал келтіретін болсақ, стратегия масаларды өлтіруді мақсат етеді, бірақ маса көбейіп отырған батпақты жерді кептіруді білмейді.


Себебі ISIS (ИШИМ) – себеп емес, нәтиже. Лаңкестік ұйым әсіресе Сирия және Ирактағы қате халықаралық саясаттың, батыс пен Ислам елдерінің сәтсіз істерінің нәтижесі. Лаңкестік ұйымның қайнар көзі 1990 жылдардан бүгінгі күнге Ирак және 2011 жылдан бастап Сирияда басталған бостық. ISIS (ИШИМ) Америка Құрама Штаттарының Иракты басқыншылығынан кейін және Сириядағы азаматтық соғыс салдарынан орталық әкімшіліктің құлдырауын пайдаланып, нығайды. Егер Ирак пен Сириядағы мемлекеттік билік (оларды диктатор деп ұнатпасақ та) сақталып қалғанда, осы елдерде диктаторлықтың орнына заңды билік келгенде, осындай лаңкестік ұйымдар туындап, тарамас еді.


ISIS (ИШИМ) ұйымының қалыптасуында Ирак пен Сириядағы билік бостығының болуына жол ашқан батыстық және аймақтық елдердің үлкен үлесі бар. Мысалы, ISIS (ИШИМ) ұйымының 2013 жылы туындауында батыстық елдерден келген сарбаздардың роль ойнағаны белгілі. Лондон, Париж және Америкадан Германияға дейін көптеген жерден келген «салафи және радикал» мұсылмандардың аталмыш лаңкестік ұйымын күшейткені анық. Көбі батыста замандас білім алып, батыс қоғамында өсіп жетілген, батыс жүйесінде пішінденген осы жастардың ISIS (ИШИМ) ұйымы сынды топтарға неге қосылғанын талқылау керек. Егер бұл саналы және жоспарлы батыс барлауының операциясы болмаса немесе батыстық елдер оларды бағыттап отырған болмаса, онда батыс әлемінде осындай жастардың қайдан шыққанын анализ ету керек. Осы жағынан алып қарағанда, ISIS (ИШИМ) – батыстың проблемасы.


Басқа жағынан, Ислам елдері мен өркениеті Құранда кездеспейтін осындай адам түрін қайдан шығарып жатыр? Ислам доктринасы мен түсінігі осындай проблемаға қалай жол беріп отыр? Әсіресе лаңкестік ұйымның күш қолдануды жақтайтын, террорист түсінікті Исламмен қалай байланыстырғанын тексеру керек. Егер ISIS (ИШИМ) ұйымының әрекеттері Исламға қатысты болса, мүның қалай қалыптастырылғанын зерттеп көру керек.


Қорыта айтқанда, ISIS (ИШИМ) лаңкестік ұйымымен күресу керек. Алайда дұрыс әдістермен, әрі проблеманың астарында жатқан себептерін түсіне отырып жасалуы керек. Ең маңыздысы коалиция елдерінен бастап баршаның өз өзін сынауы қажет.20-ғасырдың басынан бері тұрақсыз Ислам әлемі мен батыс қатынастары да осы үдерісте қайта қаралуы керек. Замандас әлем жүйесі мен осы жүйедегі Ислам елдерінің 500 жылдық тарихын қайта оқу пайдалы болады. Бұл аталмыш экстремистік ұйым сынды проблемалардың батыстың өркендеуі және әлемге тарауы секілді Ислам өркениетінің құлдырауынан туындағанын көрсетеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар