Түркия және әлем тынысы – 87

108727
Түркия және әлем тынысы – 87


Түркияның әлемдік жүйедегі орнына байланысты талас-тартыстар көп. Бұл-тегі Османлы Империясы дәуіріне созылған, алайда Республика дәуірінде аяқталмаған талас-тартыс. Талас-тартыстың тараптары әрі Түркиядағы саяси сала мен зиялылар қауымы, әрі әлемдегі топтар. Осы топтар мен көзқарастарын үшке бөлуге болады. Біріншісі, замандас қауым алға тартқан Түркияның Батысқа және замандас әлемге тән екені пайымдаулары. Екіншісі, Исламшылдар немесе консерваторлар алға тартқан Түркияның Ислам әлемі және Орташығысқа қарасты екені көзқарасы. Үшіншісі, орта жолдағы зиялылар тарапынан пайымдалған Түркияның Батыс-замандас және Ислам құндылықтарын тоғыстырып, өзіндік бір мәртебе қалыптастыруы керектігі көзқарасы.
Әрине, бұлардан тыс аз санды адамдардың көзқарасы да бар. Мысалы, Түркияның Марксистік-Лениндік блок ішіне кіруі керектігін дәріптеушілер, тіпті өзін әлемнен оңашалау керектігін ойлағандар да кездеседі.
Түркияның әлемдік жүйедегі орнына байланысты талас-тартыстар соңғы жылдардағы оқиғаларға орай қайта ортаға шықты. Түркияның 2000-шы жылдарда Еуропа Одағына толық мүшелік келіссөздеріне бастауынан кейін мүшелікке байланысты жорамалдар артты. Осы кезеңде Түркия мұқият реформалар жасады. Тіпті Еуропа Одағы министрлігін құрды. Түркияның Еуропа Одағынан күткені тек қана толық мүшелік емес, қайта Еуроодақ ие болған және қолдаған жаһандық ережелерге ие болу. Нағыз демократия, құқықтың үстемдігі, адам құқы мен еркіндіктері, көпшілдік, нарық экономикасы және осы негізде құрылған бейбітшілік пен жасампаз сыртқы саясатқа ие болу. Бұл бірінші, яғни замандас көзқарастағылардың ойы. Батысшылдар Түркияның Еуропа Одағы және НАТО сияқты ұйымдарға кіруі бас тартылмайтын және шарт пен нысана екенін ойлайды. Түркияның бағыты Батысқа, арқасы шығыс пен Исламға қарауы керектігін дәріптейді.
Бұл тұғыр қате. Өйткені жеткілікті емес. Түркияның Батыс пен Еуропа Одағы ішіне кіруі және жаһандық құндылықтармен бөленуін күту Түркияның геологиялық, тарихи және мәдени құндылықтарына елеусіз қарағандық саналады. Түркияның қоғамдық, мәдени және діни ерекшеліктері, геологиялық және тарихи шарттары оны Орташығыс аймағының және Ислам әлемнің бір бөлшегіне айналдырған. Осы негізде Түркияның әрі Ислам Ынтымақтастық Ұйымында белсенді рол атқаруы орынды жағдай. Түркияның әрі Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүшелігі Ислам әлемінің өркендеуі және замандасуы үшін орай ұсынады.Түркияның 1970 жылдардан бері, әсіресе 2000 жылдарда Әділет және өркендеу партиясы үкіметімен бірге талпыныс көрсеткені айқын.
Түркияның әрі Еуроодақ құндылықтарымен замандас кейіпкер болуы, әрі Ислам әлемінде осы құндылықтардың дамуына есе қосуы оны жаһандық кейіпкерге айналдырады. Орта жолды қалаушылар дәріптегені міне, осы. 1950 жылдарда Аднан Мендереспен басталған, 1970 жылдарда Сүлейман Демирелмен жалғасқан орта жолшы қауым 1980 жылдарда Тұрғыт Өзалмен күшейді. 2000 жылдарда Ердоған мен Гүл басшылығындағы Әділет және өркендеу партиясы үкіметімен шыңға шықты. Өзал, Гүл және Ердоған Түркияның әрі Еуроодақ мүшелігі тақырыбында, әрі Ислам әлемі мен Орташығысқа бейімделуінде маңызды рол атқарды. Аталмыш лидерлер Түркияның орны тек ғаламдық батыстық құндылықтармен ғана емес, осы құндылықтарды өзінің мәдени және діни құндылықтарымен тоғыстыруы арқылы ғана күшейеді деп сенді.
Ғаламдық және Исламдық құндылықтардың көптеген салада үйлесетінін айтуға болады. Осы тұрғыдан алғанда ең басты түйін Еуропа Одағы мен Ислам философиясының негізіндегі бейбітшілік маңызды. Еуропа Одағының негіздік философиясы мен Ислам дәріптеген негізгі стратегия халықаралық байланыстарда бейбітшілікті негіз ету болып табылады. Маңызды бір тарихи шындық түрік сыртқы саясатының негізінде Мұстафа Кемал Ататүрік айқын ортаға қойған «Елде бейбітшілік, әлемде бейбітшілік» ережесінің болуы.
Осы ереже Түркияның және сыртқы саясатының іргетасы бейбітшілікті қолдайтын елдер қатарында орын алуды қалайтынын көрсетеді. Осы талғамның басты көрінісі - Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымын құрған 45 елдің бірі, құрушы мүшесі болуы. Түрік сыртқы саясаты дәстүрлі түрде осы ережелерге құрылған, өз шекарасынан бастап, күллі аймақта және әлемде бейбітшіліктің орнауын қолдайды.
Соңғы жылдарда осы негіздік ережеге қайшы көрінген «Араб Көктемінен» кейін Сирия мен Ирак саясатына қараған жөн. Түрік қауымы бүгін аймақта болған дағдарыс, соғыс пен қақтығыстардан мазасызданып отыр. Ирак Левант Ислам мемлекеті, Ал Нусра және Ел Каида сияқты террористік ұйымдарға қарсы күресті қолдайды. Әрине, ПКК террористік ұйымын жою үшін талпынуда. Түркияның бүгінгі әлемдік орнын осы аяда көрген жөн. Аталмыш ұйымдар Түркияның әрі жетуге талпынған ғаламдық құндылықтарына, әрі ие болған өзіндік құндылықтарына үйлеспейтіні айқын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар