Түркия және әлем тынысы – 80

Түркияда елбасын сайлау процесі басталды. Үш үміткер бәсекелесуде. Түркияда елбасын сайлау процесі басталды. Үш үміткер бәсекеле

125637
Түркия және әлем тынысы – 80

Түркия Республикасы 12-ші елбасын сайлау сапары 3 кісінің үміткерлігімен 3 шілдеде басталды.
Бұл сайлауда билік басындағы Әділет және өркендеу партиясының үміткері Премьер-министр Режеп Таип Ердоған, оппозициядағы Республикалық Халық партиясы мен Ұлтшыл қозғалыс партиясының үміткері Екмеледдин Ихсаноғлұ және Халықтардың демократиясы партиясының үміткері Селахаттин Демирташ жарысады. Алғашқы туры 10 тамызда, екінші туры 24 тамызда өткізілетін сайлауда Түркияда тұңғыш рет халықтың талғамымен елбасы сайланады.
Үміткерлердің кім болатыны ұзақ уақыттан бері күтілген еді. Оппозициядағы партиялардың үміткерлікке кімді көрсететіні, Әділет және өркендеу партиясының үміткерлікке кімді көрсететіні, Халықтардың демократиясы партиясының үміткер шығарып-шығармайтыны және басқа үміткерлердің шығып-шықпайтыны асыға күтілді. Оппозицияның үміткер талас-тартысы мен Ердоғанның үміткер болатын-болмайтыны маңызды тақырып болды.
Республикалық Халық партиясы мен Ұлтшыл қозғалыс партиясының өз іштерінен емес, ортақ үміткер белгілеуі және Премьер-министр Ердоғанның үміткерлігіне қарсылық назар аударды.
Соңында үміткерлер белгіленді. Енді үміткерлердің үгіт-насихат процесі басталды. Үміткерлер түрліше әдістермен жобаларын таныстыруда. Премьер-министр Ердоған 1919 жылы Азаттық соғыс басталған Самсунда және Ерзурумда халыққа үн қатты, Ихсаноғлұ туған жері Иозгатта және Стамбұлда жабық және шағын орталарда жиналыстар өткізді. Демирташ Диярбакырда бір ауыз ашар бағдарламасымен сапарын бастады. Процестің осылай жалғасатыны, Ердоған мен Демирташтың қалың адамдық митингтерде, Ихсаноғлұның шағын орталар және ақпарат арқылы ойларын жеткізетіні мөлшерленуде.
Елбасы үміткерлерінің бейнелері мен күштері Түркияның қызықты бір сайлау процесіне кіргенін көрсетті. Бастысы Түркияда парламенттік жүйе болғанымен, президенттік жүйе сияқты бір сайлау өтеді. Сайлаушылар өздерінің және елдің қажетін қамдай алатынын ойлаған лидерді сайлайды. Маңыздысы үміткерлердің саяси қасиеті, жобалары мен саясаттары жөнінде мәлімет алу. Сайлаушылардың үміткерге байланысты толық және айқын түсінігі болуы бас тартылмайтын демократиялық құқы. Мұның жолы үміткерлердің сайлаушыларға өзін айқын түсіндіруі. Ердоған, Ихсаноғлұ және Демирташ арасында маңызды айырмашылықтар бар. Бұл айырмашылық үміткерлердің саяси қасиеті, көрінісі, танылуы және бұрынғы жұмыстарынан туындайды.
Үміткерлердің бейнесі қысқаша мынадай: Премьер-министр Ердоған -жетілген бір саясатшы, ондаған жылдан бері Түркия мен әлем саясатында шешім жасаушы, 12 жылдан бері билік басындағы жалғыз кейіпкер және маңыздысы халыққа танымал қасиетке және күшке ие реформашыл. Екмеледдин Ихсаноғлұ -Мысырда туылған түрік азаматы. Ғылым тарихы профессоры, Ислам Ынтымақтастық Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы болған халықаралық басшы, зайырлық және замандасудың қолдаушысы болған бюрократ, Мысырдағы Сиси төңкерісіне тарапсыз қалған бір саясатшы. Селахаттин Демирташ - Түркиядағы күрт саясатының басты лидерлерінің бірі, Халықтардың демократиясы партиясының тең төрағасы, ПКК террористік ұйымы лидері Өжаланмен сыбайлас бір саясатшы. Түркияның ішкі-сыртқы саясатына қарсы ұшқары оппозиционер.
Үміткерлер негізінде қызықты бір шындықты да ортаға салды. Ердоған Түркияның 100 жылдық исламшыл, концерватор, діндар және қауымдық ортаның дәстүріне өкілдік етеді.
Ихсаноғлұ ғасырлық зайырлық, замандасу, мемлекетшіл дәстүрді негізге алады. Демирташ - ғасырлық күрт қозғалысының, Шәйх Саиттен бері жалғасып келген күрт оппозициялық қозғалысының өкілі.
Осы тұрғыдан алғанда, алғашқы туры 10 тамызда өтетін елбасылығы сайлауы ғасырлық Түркия саясаты, социологиясы және мәдениеті тарихының қорытындысы болмақ. Қызықтысы, бұл сайлауда республика режимінің құрушысы, зайырлы және замандас түсінік немесе идеология мен осы идеологияға бір ғасыр бойы қарсы шыққан діни және этникалық ой жарысады. Басқаша айтқанда, Түркияның қоғамдық және саяси саласымен орталық жекпе-жекке келеді.
Сонымен бірге елбасылығы сайлауы ғасырлық Түркия тарихынан кейін қандай болашақты талғайтынына байланысты. Түрік сайлаушылар тек елбасын ғана сайлап қоймай, сонымен бірге қандай әкімшілікті талап ететінін де көрсетеді. Тарихта саяси партиялар мен парламенттер арқылы өткізілген төлқұжат пен саясат талғамы бұл жолы саяси лидерлер арқылы жасалады.
Қорыта айтқанда, елбасылығы сайлауы Түркияның әкімшілік құрылымының қайтадан құрылуына пікір береді. Ердоғанның ишарат еткеніндей, «президенттік» режимді ме, әлде Республикалық Халық партиясы мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы дәріптеген «классикалық парламентарлық» режимді ме, немесе Халықтардың демократиясы партиясы армандаған «федералдық» режимді талғай ма? Осыған жауап береді. Түркия сайлаушылары осылайша жаңа бір Түркияның беталысына байланысты тікелей талғамы мен талабын білдіреді. Соңында үміткерлердің сыртқы саясат талғамдары арқылы Түркияға жаңа бағыт сұрай ма, әлде қазіргі жағдайды жалғастыруды қалай ма? Мұны ортаға қояды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар