Көлік дәліздерінің әлеуетін арттыруға келісті
Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Қазақстанда ресми кездесулер өткізді.

Қазақстан мен Түрікменстанның Сыртқы істер министрлері екі елдің шекарасы арқылы Қытайдан Иранға дейін созылатын теміржол желісінің, сондай-ақ Каспий теңізінің шығысындағы көлік дәліздерінің әлеуетін арттыруға келісті.
Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Қазақстанда ресми кездесулер өткізді. Мередовті Астанада Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қарсы алды.
Нұртілеу мен Мередов алдымен оңаша, кейін кеңейтілген делегация аралық кездесуде бас қосты.
Келіссөздерден кейін министрлер ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Нұртілеу екіжақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру үшін жан-жақты келіссөздер жүргізгенін хабарлады. Нұртілеу үкіметаралық консультацияларды ұлғайту, әсіресе екіжақты сауда көлемін қазіргі 500 миллион доллардан 1 миллиард долларға дейін арттыру туралы келісімге келгендерін айтты.
Түрікменстанның әрі көрші, әрі бауырлас ел екенін атап өткен Нұртілеу әсіресе шекаралас мемлекеттердің түрікмен әріптестерімен ынтымақтастығын арттыру мәселесіне тоқталғандарын білдірді.
Нұртілеу өз елінде түрікмен капиталының қатысуымен 100-ге жуық компания жұмыс істеп жатқанын атап өтіп, бұл тұрғыда транзиттік дәліздердің әлеуетін арттыруға келіскендерін мәлімдеді.
Нұртілеу «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» бағытындағы теміржол желісінің стратегиялық маңызына ерекше тоқталғандарын, сонымен қатар Қытай мен Иран арасындағы өз елдері арқылы өтетін темір жолды дамыту, бақылау-өткізу бекеттерін жандандыру мәселелерін де талқылағандарын жеткізді.
Түрікменстан Сыртқы істер министрі Мередов екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі өзара сапарлардың артқанына назар аударды. Ол Арал мәселесі бойынша да консультациялар өткізгендерін және қазақстандық әріптестерімен осы тұрғыда бірлескен жұмысты жалғастыруға келіскендерін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар

Түркі әлемі жас ғалымдар конгресі басталды
Өзбекстанның астанасы Ташкентте Екінші Халықаралық Түркі әлемі жас ғалымдар конгресі басталды.