Қырғызстанда Денсаулық сақтау министрі ауысты
Жапаров оның орнына уақытша Еркін Чечейбаевты тағайындады.
2237040

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрі Әлімқадір Бейшаналиев қызметінен алынып, орнына Еркін Чечейбаев тағайындалды.
Қырғыз президентінің баспасөз орталығының мәлімдемесіне сәйкес, президент Садыр Жапаров Бейшаналиевті Денсаулық сақтау министрлігінен алып, оның орнына уақытша Еркін Чечейбаевты тағайындады.
Бейшенәлиевтің орнына тағайындалған Чечейбаев 2018-2020 жылдары Денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметін атқарған.
Қырғызстанның медициналық академиясын 1997 жылы бітірген Чечейбаевтың бұл қызметке тағайындалуы осы аптада парламентте сенім вотумына шығарылады.