«AZAL” Ресейдің Астрахань қаласына рейстерін тоқтатты
"Баку-Астрахан-Баку бағытындағы барлық рейстер белгісіз мерзімге тоқтатылды" деп хабарланды.
2237085

Әзербайжан әуе жолдары «AZAL” Ресейдің Астрахань қаласына рейстерін тоқтатты.
«AZAL» таратқан мәлімдемеде «Астрахань әуе кеңістігінің біржола жабылуына байланысты ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Баку-Астрахан-Баку бағытындағы барлық рейстер белгісіз мерзімге тоқтатылды» деп хабарланды.
2024 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстанның Ақтау қаласына жақын жерде Әзербайжан жолаушы ұшағы Ресей әуе кеңістігінде болған жердегі атыстан зақымданғаннан кейін апатқа ұшыраған еді. Авиакомпания Ресейдің кейбір қалаларына рейстерді тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.
Шешім бойынша Минеральные Воды, Сочи, Волгоград, Уфа, Самара, Грозный, Махачкала, Саратов, Нижний Новгород және Владикавказ қалаларына ресйтер тоқтатылды.