Түркиядағы жаттығуға Қазақстан да қатысып отыр
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Түркиямен биыл жүзеге асырылуы жоспарланған әскери ынтымақтастық жоспарының бекітілгенін хабарлаған болатын.

Жалпы 20 елдің қатысуымен басталған Түркиядағы «Қыс-2025» оқу-жаттығуына Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері де қатысуда.
ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында оқу-жаттығуға қатысты мәлімдеме жарияланды. Мәлімдемеде Қазақстан Қарулы Күштерінің қолбасшылары жаттығу аясында шешім қабылдау және жағдайды бағалау іс-шараларына қатысқаны айтылды.
Оқу-жаттығудың Карс географиясының қиын жер бедері мен қолайсыз ауа райында өткізілгені, сонымен бірге арнайы операция күштерінің де бағдарламаға енгізілгені атап өтілді.
Көптеген стратегиялық мақсатқа қол жеткізуді көздейтін бағдарламаға құрама және бірлескен іс-қимылдарды орындауда ынтымақтастық пен үйлестіруді қамтамасыз ету, қалың қар мен қатты аязда жауынгерлік мүмкіндіктерді, соның ішінде атысты сынауды қамтитын барлығы 12 199 жеке құрам қатысуда.
Түркияның ұйымдастыруымен басталған оқу-жаттығуға АҚШ, Әзербайжан, Бангладеш, Босния және Герцеговина, Грузия, Италия, Косово, Пәкістан, Қазақстан, Солтүстік Македония, Болгария, Франция, Англия, Ливия, Моңғолия, Нигер және Иордания қарулы күштері қатысып отыр.
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі бұған дейін Түркиямен биыл жүзеге асырылуы жоспарланған әскери ынтымақтастық жоспарының бекітілгенін хабарлаған болатын.