Алматыда маңызды жиналыс

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының отырысы өтті.

2236380
Алматыда маңызды жиналыс

Алматыда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының отырысы өтті.

ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр Олжас Бектенов өткізген кеңеске Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин, Беларусь премьер-министрі Роман Головченко, Қырғызстан премьер-министрі Әділбек Қасымалиев, Армения премьер-министрінің орынбасары Григорян мен Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

ҚР Премьер-Министрі Бектенов өз сөзінде Еуразиялық экономикалық одақ Үкімет басшылары кеңесі алаңындағы халықаралық диалогтың маңыздылығына назар аударып, қабылданған шешімдер интеграциялық үдерістерді дамытуға жаңа серпін бергенін айтты.

Алдымен үкімет басшылары шағын құрамдағы басқосуда бас қосып, ұйымға мүше елдер арасындағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі өнім көлемін арттыру, өнеркәсіп саласында инновациялық жобаларды жүзеге асыру, интеграцияланған ақпараттық жүйені дамыту мәселелерін талқылады.

Отырыс бақылаушы елдердің үкімет басшыларының қатысуымен кең құрамда жалғасты.



Ұқсас жаңалықтар