Түрікменстан Сыртқы істер министрі Өзбекстанда
Екі ел арасында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

Өзбекстан мен Түрікменстан Сыртқы істер министрліктері 2025-2026 жылдарға арналған бірлескен ынтымақтастық бағдарламасы мен құқықтық және заңнамалық инфрақұрылымның тізілімін әзірлеу және дамыту бойынша ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр Бахтияр Саидов елге іссапармен барған Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесу өткізіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы туралы пікір алмасты.
Кездесуден кейін Саидов пен Мередов екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында 2025-2026 жылдарға арналған бірлескен ынтымақтастық бағдарламасы мен құқықтық және заңнамалық инфрақұрылымды әзірлеу және дамыту бойынша ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды.
Мередовты сапары барысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев та қабылдады.