Әлиев пен Зеленский кездесті
Кездесу Давос жиыны аясында өтті.
2233419

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Украина президенті Владимир Зеленский Швейцарияның Давос қаласында кездесті.
Әзербайжан президенттік аппараттың хабарлауынша, Әлиев Украина тарапының өтініші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның 55-ші жыл сайынғы кездесулері аясында Зеленскиймен кездесті.
Кездесуде Әзербайжан мен Украина арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық қарым-қатынастар, энергетика саласындағы ынтымақтастық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланғаны айтылды.
Ұқсас жаңалықтар

Түркі әлемінің Сыртқы істер комиссиясының басшылары Стамбулда басқосты
Екі күнге созылатын кездесулерде жаһандық және аймақтық мәселелер талқыланады.