Беттің көрінуіне кедергі болатын барлық киім түрлеріне тыйым салынды
Қырғызстан президенті Жапаров заңды бекітті.

Қырғызстанда қоғамдық және қоғамға ашық орындарда азаматты анықтауға мүмкіндік бермейтін барлық киім түрлеріне тыйым салынғды.
Президенттік Баспасөз орталығының жазбаша мәлімдемесіне сәйкес, президент Садыр Жапаров 2024 жылы 26 желтоқсанда Парламентте қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» ережені қамтитын заңды бекітті.
Заңға сәйкес, жұмысқа және ресми қызметке байланысты немесе медициналық себептерге байланысты бетті жауып тұратын киім тысында қоғамдық орындарда беттің көрінуіне кедергі болатын барлық киім түрлеріне тыйым салынады.
Заңда бетперде немесе паранжа туралы арнайы айтылмағанымен, заң талаптарын орындамағандарға жаза қолданылатын болады.
Заң арқылы дін басшыларына қарттар үйінде, мүгедектер үйінде, түрмелерде және әскери бөлімдерде діни наным-сенімдерді нығайтуға және діни рәсімдер өткізуге, діни ұстанымдарға негізделген саяси партия құруға, сондай-ақ діни мазмұндағы баспа, аудио және бейне материалдарды көпшілікке таратуға, аудандарда, мемлекеттік және жергілікті әкімшіліктерде, балабақшалар мен мектептерде таратуға тыйым салынды.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Facebook» парақшасында "даулы заңды мақұлдағанын" хабарлады. "Заңда бір ғана даулы мәселе бар. Ол - үйме-үй уағыздау мәселесі", - деді Жапаров.
Елдегі діни бірлестіктердің көбеюінің өздерін алаңдатып отырғанына назар аударған президент қоғамда наразылық тудырған дінді тарату мәселесін әлі толық шеше алмағандарын айтты.
Жапаров «адамдарды дінге шақыру шарттарын» Қырғызстан мүфтияты мен ғұламалар кеңесі белгілеу керектігін білдірді.