Әзербайжан мен Армения шекараны демаркациялауға кірісті
Шекараны демаркациялау комиссиялары екі елдің шекарасында басқосты.

Әзербайжан мен Армения премьер-министрлерінің орынбасарлары жетекшілік ететін шекараны демаркациялау комиссиялары екі елдің шекарасында басқосты.
Екі елдің Сыртқы істер министрліктері жасаған мәлімдемеге қарағанда Әзербайжан вице-премьері Шахин Мұстафаев пен Армения вице-премьері Мгер Григорянның төрағалығымен екі елдің шекарасында шекараны демаркациялау комиссияларының 11-ші отырысы өтті.
Кездесуде тараптар шекараны демаркациялау Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы және Грузия Республикасының шекарасының қиылысқан нүктесінен басталып, солтүстік-оңтүстік бағытында жалғасады және Армения-Әзербайжан-Иран шекарасының қиылысында аяқталады деп келісті.
Сондай-ақ тараптар шекараны демаркациялау жұмыстарын жүргізу бойынша нұсқаулық жобасын талқылап, келесі кездесудің күні мен орны жұмыс тобы деңгейіндегі келіссөздер арқылы анықталатынына келісті.