Қазақ тазысы патенттелді

Бұл туралы «Qazpatent» ұлттық зияткерлік меншік институты хабарлады.

2231350
Қазақ тазысы патенттелді

 

Селекциялық жетістікке патент ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік комиссиясының келісімі негізінде берілді.

Дайындық аясында 2021-2023 жылдары қазақ тазы иттеріне ғылыми зерттеулер жүргізілді.

Қазақстандық генетика институты қазақ тазыларының генетикалық профилін анықтау үшін генетикалық әртүрліліктің параметрлерін алып, жеке ДНК профилін жасады.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Президенттің Іс Басқармасына жеті қазынаның бірі – қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтау жұмысын қолға алуды тапсырған еді. 

2023 жылдың 2 қаңтарында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тазы итін мемлекеттік қорғауға алу туралы заңға қол қойды.

Енді «Қансонар» қоғамдық бірлестігіне қазақ тазысы мен төбет иттерінің ұлттық тұқымдарын сақтау, көбейту және жұртшылықтың қызығушылығын арттыру жауапкершілігі жүктелген.

«Қазақ тазы» тұқымының иттері жоғары икемділікке ие, желге, ұзақ қысқы кезеңнің төменгі температурасына және оңтүстік жаздың ыстық құрғақ кезеңіне өте оңай төзеді. Қазақтың тазылары өлкенің аштық пен суық ауа райына төзімді ит тұқымы екені белгілі.

Жыл сайын елдің барлық аймақтарында аңшы иттермен жарыстар өткізіледі.

Қазақстанда аңшылық маусымы қараша айында басталып, ауа райына байланысты қаңтар мен ақпанға дейін созылады.

Жылдам әрі мықты аңшы иттермен қоян, борсық, түлкі аулауға болады.

Тазылар аңшылықта да, мал бағуда да иелерінің серігі болып табылады.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар