Түркия мен Қырғызстанның министрлері кездесті

Министр Текин кездесуге байланысты мәлімдеме жариялады.

2230430
Түркия мен Қырғызстанның министрлері кездесті

Түркияның Ұлттық білім беру министрі Юсуф Текин ресми сапармен Пәкістанға барып,  Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Кендирбаева Догдуркул Шаршеевнамен кездесті.

Министр Текин кездесуге байланысты мәлімдеме жасап, «Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Кендирбаева Догдуркүл Шаршеевнамен екі жақты кездесу өткізіп, Түркия мен Қырғызстанның білім саласындағы ынтымақтастығына баға бердік. Біз екі ел үшін де құнды болып табылатын осы ынтымақтастықты нығайтуға бел байлағанымызды өзара қуаттадық. Біздің ынтымақтастығымыз елдеріміз үшін пайдалы болады деп үміттенемін», - деді.



Ұқсас жаңалықтар