Қазақстан мен Қытай жаңа теміржол жобасын іске қосады
Мәулен Әшімбаев ресми сапармен Қытайға барды.

Екіжақты ынтымақтастық күннен-күнге нығайған Қазақстан мен Қытай жаңа теміржол жобасын іске қосады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Бейжіңге ресми сапары аясында Қытай Халық Мәжілісінің тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті.
Кездесу барысында Әшімбаев Парламент Сенаты мен Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне тоқталды. Тараптар өнеркәсіп, энергетика, көлік, «жасыл» экономика, ауылшаруашылығы және өзге де бағыттардағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде пікір алысты.
Қазақстан Сенатының мәлімдемесінде екі елдің Азия мен Еуропа арасындағы қауіпсіз жеткізу тізбегін қамтамасыз ететін Транскаспий халықаралық көлік бағытын нығайту үшін ынтымақтастығын тереңдеткені айтылған.
Сенат спикері «Қазақстан мен Қытай Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша ынтымақтастықты жалғастырып келеді. Бүгін бұл бағыт Азия мен Еуропа арасындағы жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етеді. Қазақстан мен Қытай арасында «Аягөз-Тачэн» үшінші темір жолының құрылысы басталып жатыр. Сондай-ақ үшінші шекаралық теміржол өткізу бекетін ашу жоспарлануда. Орта дәліздің әлеуетін неғұрлым белсенді пайдалану елдеріміз арасындағы транзаиттік-көліктік ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететіні сөзсіз», - деді.
Сұқбат кезінд Чжао Лэцзи екі мемлекеттің басшылары белгілеп берген міндеттерді бірлесіп іске асыруға дайын екенін білдіріп, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы және басқа да бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын жоғары бағалады.