Қазақстанда жаңа әуежайлар салынады
Қазақстанда 2030 жылға қарай көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылады.
Қазақстанда авиация саласындағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру басталды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша көлік инфрақұрылымына 9 триллион теңгеден астам инвестиция салынады.
2025 жылы Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынады.
Жаңартылатын жаңа жолдардың жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырымды құрайды.
Теміржол көлігі саласында да бірқатар ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілмек.
Елде 2025 жылы 225 жаңа вагон сатып алынады.
Теңіз көлігін дамыту мақсатында Ақтау портында контейнерлік орталықтың құрылысы басталды. Осылайша порттың жылдық жүк өткізу қабілеті арттырылады.
Бұл бастама Қазақстанның халықаралық логистикалық аренадағы орнын нығайтады. Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтетін Транскаспий бағыты бойынша контейнерлік тасымалдауды арттырады.
Ол транзиттік жүктің бір бөлігін Қытайдан Еуропаға бағыттайды.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан халықаралық астық нарығында позициясын нығайтуда
Қазақстан Иран мен Әзербайжанға астық жеткізуді қайта бастады.