Әзербайжан әуе жолдары Қазанға барлық рейстерін тоқтатты
Әзербайжан әуе жолдары рейстерін тоқтатқан Ресей қалаларының саны 11-ге жетті.
Әзербайжан әуе компаниясы (AZAL) ұшу қауіпсіздігіне байланысты Баку-Қазан бағыты бойынша барлық рейстерді белгісіз мерзімге тоқтатты.
«AZAL» рейстерін тоқтатқан Ресей қалаларының саны 11-ге жетті.
Әзербайжан әуе жолдары бүгіннен бастап Ресейдің Қазан қаласына барлық рейстерді белгісіз уақытқа тоқтатты. Компания мәлімдемесінде рейстердің ұшу қауіпсіздігіне байланысты тоқтатылғаны айтылған.
Мәлімдемеде сөз болып отырған әуежайға билеті бар жолаушылардың билеттерін толығымен қайтаруға немесе тегін өзгертуге құқығы бар екені айтылған. «AZAL» бұған дейін Ресейдің Минеральные Воды, Сочи, Волгоград, Уфа, Самара, Саратов, Нижний Новгород, Владикавказ, Грозный және Махачкала қалаларына рейстерді тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан халықаралық астық нарығында позициясын нығайтуда
Қазақстан Иран мен Әзербайжанға астық жеткізуді қайта бастады.