Президент Ердоған Әлиевпен сөйлесті
Түркия-Әзербайжан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
2228424
Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.
Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда телефонда Түркия-Әзербайжан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Телефон әңгімесі барысында Ердоған Түркия мен Әзербайжанның «екі мемлекет, бір ұлт» түсіністігімен барлық салада ынтымақтастығын дамытуды жалғастыратынын айтты.
Президент Ердоған Түркияның Оңтүстік Кавказ аймағында тұрақты бейбітшілік орнатуды толық қолдайтынын және әрқашан Әзербайжанның жанында болуды жалғастыратынын білдірді.