Қазақстан елшісі Йозгат қаласына барды

Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев Йозгат уәлаяты әкімі Мехмет Али Өзканмен кездесті.

2221654
Қазақстан елшісі Йозгат қаласына барды

Қазақстанның Түркияда өкілетті және төтенше елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның Йозгат уәлаяты әкімі Мехмет Али Өзканмен кездесті.

Әкім Өзкан елші Сәпиевпен кездесуінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 33 жылдығымен құттықтады. Қазақстан елшілігі және Бозок университетімен бірлесіп қалада іс-шара ұйымдастыруды жоспарлағандарын айтқан Өзкан “Түрік әлемінің мәдени фестивалін «Республика» алаңында ұйымдастыруға шешім қабылдадық” деді.

Қазақстан елшісін  Йозгатта қабылдағанына  қуанышты екенін айтқан әкім Сәпиевпен Анкара Университетінің Саяси ғылымдар факультетінде бірге оқығандарын айтты.

 Елші Сәпиев Түркия Республикасының Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекет екенін және мұны еш ұмытпайтындарын жеткізді. Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың бұдан былай да арта түсетінін атап өткен Сәпиев уәлаят әкімі Мехмет Али Өзкан мен Бозок Университетінің ректоры профессор Эврен Яшарға алғыс айтты.

Сапар барысында Елші Сәпиев Йозгат Этнография мұражайын, Хайри Инал сарайын және Чапаноғлы мешітін аралап, Бозок Университетінде білім алатын қазақстандық студенттермен кездесті.



Ұқсас жаңалықтар