«Сыр – түрік өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды

Көрмеге Қызылорда облысынан табылған тарихи жәдігерлер қойылды.

2217869
«Сыр – түрік өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды

Астанада «Сыр – түрік өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды.
Көрмеге Қызылорда облысының тарихи қалашықтарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан табылған тарихи жәдігерлер қойылды.
Астанадағы Ұлттық музейде сыр өңірінің құнды тарихи жәдігерлер көрмесі ашылды. Қызылорда тарихи музейінің 85 жылдығына арналған көрмеде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген қолжазбалар мен зергерлік бұйымдар көпшіліктің назарын аударды. Қызылорда тарихи музейі – Қазақстанның ең көне музейлерінен бірі. 
Қызылорда тарихи музейінің директоры Сапарлы Көзейбаев «Көрмеге б.з.б. IV-V ғасырлардағы сақтардың астанасы болған Шірік-Рабат, Қазақ хандығының астанасы Сығанақ және оғыздардың астанасы Жаркент сияқты көне қалалардан табылған жәдігерлерді әкелдік. Сонымен қатар өңірдің тарихы мен тыныс-тіршілігінен сыр шертетін тарихи мұралар да бар» деді.
Көрмеде 700-ге жуық тарихи жәдігер музейдің отандық және шетелдік қонақтарына ұсынылды. Музейге келушілердің назары алтын домбырада болды. Салмағы бір келі, ұзындығы 100 сантиметр, түркілердің дәстүрлі музыкалық аспабының символы болып табылатын туынды ақын Мұхтар Ниязовқа тиесілі.
Қызылорда облысының тарихынан сыр шертетін  көрме 19 желтоқсанға дейін ашық болады.

 



Ұқсас жаңалықтар