Әлиев пен Трамп сөйлесті

Әзербайжан президенті Әлиев Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті.

2213885
Әлиев пен Трамп сөйлесті

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті.

Дональд Трампты АҚШ президенті болып қайта  сайлануымен құттықтаған Ильхам Әлиев жаңа президент қызметінің әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бұдан да маңызды рөл атқаратынын мәлімдеді.

Трамптың бірінші президенттік мерзімінде Әзербайжанмен оң қарым-қатынастарына тоқталған Әлиев екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың дамитынына үміттенетінін және осы бағытта күш салып жатқандарын айтты.

Дональд Трамп Әлиевке құттықтауы үшін алғыс айтып, АҚШ пен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықты жақсарту үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар