Медиа саласында түркі ынтымақтастығы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "ТҮРКСОЙ" медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "ТҮРКСОЙ" медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды.
Журналистика факультетінде орналасқан бұл орталықта медиа саласына қатысты зерттеулер жүргізіліп, саланың өзекті мәселелері бойынша сарапшылармен кездесулер өтеді.
Орталықтың тұсаукесеріне 1-ші Халықаралық Түркі әлемі жастар форумына қатысу мақсатымен Алматыға келген қонақтар, студенттер және ғалымдар қатысты.
Орталықтың мақсаты – түркітілдес елдер арасындағы байланыстарды нығайту және мәдени-ғылыми ынтымақтастықты кеңейту. Сонымен қатар орталықта медиа саласындағы заманауи мәселелер талданып, ғылыми-әдістемелік конференциялар ұйымдастырылатын болады.
Алматыда тұңғыш рет өткізілген 1-ші Халықаралық Түркі әлемі жастар форумы үш күнге созылды. Бұл шараға АҚШ, Румыния, Қырғызстан, Моңғолия, Болгария, Түркия, Әзербайжанмен бірге 25 елден шамамен 200 адам қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан ЭЫҰ-ның кезекті төрағалық міндетіне дайын
Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді.