Өзбекстанда жаңа үкімет құрылды

Бұл туралы Өзбекстан Президент аппараты мәлімдеме жасады.

2212832
Өзбекстанда жаңа үкімет құрылды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Абдулла Ариповтың төрағалығындағы жаңа үкіметті бекітті.

Президент аппараты жасаған мәлімдемеге қарағанда Мирзиеев Парламенттің төменгі палатасының Заң шығару жиналысында талқылап, жаңа үкімет мүшелерін бекіту туралы жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес Арипов қайтадан премьер-министр болып сайланған үкіметте 4 премьер-министрдің орынбасары және 20 министр бар.

Өзбекстанда 27 қазанда өткен жалпы сайлаудан кейін үкімет жаңа кабинетті жасақтау үшін осы аптаның басында отставкаға кеткен болатын.

Парламент Мәжілісінің кеше өткен отырысында президент Мирзиеев саяси партиялармен кеңескеннен кейін Ариповты қайтадан премьер-министр ретінде ұсынды. Парламент мүшелері жасырын дауыс беру арқылы Ариповтың қайтадан премьер-министр болуын бірауыздан қолдады.

Бұған дейін Үкіметте әртүрлі лауазымдарды атқарған Арипов 2016 және 2019 жылдары өткен сайлаулар нәтижесінде премьер-министр болған еді.



Ұқсас жаңалықтар