Грекия Премьер-министрі Қазақстанға келеді
Тоқаев Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакисты Қазақстанға шақырды.
Қазақстан Президентінің кеңсесінің мәлімдеуінше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әзербайжандық тараптың ұйымдастыруымен өтіп жатқан «COP29» Климаттың өзгеруі саммитінде Грекияның Премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесті.
Кездесу барысында Тоқаев Еуропалық Одақтағы Қазақстанның маңызды сауда серіктестерінің бірі ретінде Грекияның рөлін атап өтіп, Премьер-министр Мицотакисті Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Шақыруды қуана қабылдаған Мицотакис Грекия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударып, екіжақты қарым-қатынастар аясында барлық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.
Экономикалық, инвестициялық және мәдени салалардағы ынтымақтастықты арттырумен қатар сауда қатынастарын көбейту де талқыланған кездесуде тараптар саяси диалогты белсенді қолдауға келісті.
Ұқсас жаңалықтар
«Сыр – түрік өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды
Көрмеге Қызылорда облысынан табылған тарихи жәдігерлер қойылды.
Қазақстандық туристердің таңдауы – Түркия
Қазақстан қазақстандықтар демалатын елдердің рейтингін жариялады.