Түрік Мемлекеттері Ұйымының естелік монетасы басылды

Монетаны 11-ші саммиті барысында президент Режеп Тайып Ердоған мемлекет басшыларына сыйға тартты.

2208136
Түрік Мемлекеттері Ұйымының естелік монетасы басылды

Түрік Мемлекеттері Ұйымы (TМТ) үшін арнайы әзірленген естелік монета мүше елдер арасындағы терең тамырлы байланыстар мен ынтымақтастықты бейнелеу мақсатында дайындалды.

 

Естелік монетаны 6 қараша күні Қырғызстанның астанасы Бішкекте өткен ТМТ 11-ші саммиті барысында президент Режеп Тайып Ердоған мемлекет басшыларына сыйға тартты.

 

Монетаның бет жағында ТМТ логотипі және оның айналасында сегіз бұрышты Селжук жұлдызы бар, ал оның бұрыштары ТМТ құндылықтарын білдіреді.

 

Артқы жағында ұйымға мүше елдердің тулары мен «Тілде, пікірде, істе бірлік» деген сөз тіркесі жазылған. Естелік монета қола металдан басылып, 900 лирадан сатылымға шығарылды. Монета 5 мың дана басылды.



Ұқсас жаңалықтар