Өзбекстанда ортағасырлық екі жасырын қала табылды
Вашингтон университетінің ғалымдары Өзбекстанның биік тауларынан Жібек жолы тарихы үшін маңызды екі көне қала тапты.
Өзбекстан тауларында ортағасырлық жасырын қалалар табылды.
Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Вашингтон университетінің ғалымдары Өзбекстанның биік тауларынан Жібек жолы тарихы үшін үлкен маңызы бар екі көне қала тапты.
Зерттеушілер аймақтағы дронға негізделген лидар сканерлері арқылы Ташбұлақ және Тұғынбұлақ деп аталатын ортағасырлық қалалардың егжей-тегжейлі карталарын жасады.
Майкл Фрачетти бастаған топ лидар технологиясымен қалалардың алаңдарын, қабырғаларын, жолдарын және тұрғын үйлерін зерттеді.
Екі мың метр биіктіктегі бұл қалалар сол кезеңде тауда дамыған сауда орталықтарының бірі ретінде көзге түседі.
Тұғынбұлақ 120 гектарлық аумақтағы сол кезеңнің ең ірі қалаларының бірі болуы мүмкін деп жорамалдануда. Фрачетти «Бұл орталықтар Жібек жолындағы негізгі өзара байланыс нүктелері болған. Жануарлар, құнды металдар және басқа да жәдігерлер мұндағы сауданың күре тамыры болған» деді.
Тұғынбұлақтағы қалыңдығы үш метрлік топырақ қабырғалармен қоршалған ғимарат қалдықтарының жергілікті темір шеберлерінің болат өндіретін зауыты болуы мүмкін. Бұл жаңалық Орталық Азияның Жібек жолындағы маңызын көрсететін мағлұмат береді. Сонымен қатар алдағы зерттеулерде аймақ тарихына қатысты тың жаңалықтар ашылуы мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
«Сыр – түрік өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды
Көрмеге Қызылорда облысынан табылған тарихи жәдігерлер қойылды.